astana-view

ҚР мұнай шығаратын ірі кәсіпорындары тендерде отандық компанияларға көмектеседі

2017 жылғы 17 Сәуір
- Атырау облысы
9048 просмотров

Атырау облысында мұнай шығаратын ірі кәсіпорындар отандық компанияларға тендерлік процесте дайындық пен өту процедурасында көмектесуге дайын

Осы мақсатта «Теңізшевройл»  Атырай облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өздерінің өндірістік нысандарына техникалық қызмет көрсететін жеткізушілердің форумын ұйымдастырды. Іс-шараға тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс істеп жатқан мүдделі компаниялар шақырылды. Форумға қатысу үшін олардың Теңіз кен орны мен «Теңізшевройл» компаниясының өндірістік нысандары шоғырланған Атырау облысының Жылыой ауданында қызмет көрсетуге мүмкіндіктерінің болу маңызды.

«Бүгінгі форумның мақсаты – «Теңізшевройлда» тендерлік процесс процедурасы, техникалық қызмет көрсету талаптары, қауіпсіздік техникасының стандарттары бойынша әлеуетті жеткізушілер үшін жалпы ақпарат беру. Сондай-ақ біз қазақстандық компанияларға арнап жаңа мүмкіндіктерді анықтау мен дамыту үшін сыртқы мүдделі талаптармен ынтымақтастықтамыз», – деп атап өтті форумды ашқан «Теңізшевойл» компаниясының Өндірісті пайдалануға беру бөлімінің менеджері Гари Энк.

Форум барысында қатысушыларға «Теңізшевройл» өндірістік нысандарына техникалық қызмет көрсету саласындағы өндірістік-техникалық қызмет түрлері туралы, сондай-ақ біліктілік алдындағы сұрыптаудан өтуге қойылатын талаптар жайлы жалпы ақпарат берілді. Сонымен қатар, келешекте серіктестік орнату мақсатындағы байланыс алаңын құру үшін сарапшылардың қатысуымен интерактивті сессия өткізілді.

«Бүгінде отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау аясында жергілікті қамту үлесін дамыту өзекті мәселе екені белгілі. Әсіресе, жер қойнауын пайдаланушылар қатары көп орналасқан Атырау обылысында бұл мәселенің маңызы зор. Өңірде бар өнімдерді үлкен көлемде алу – жергілікті ғана емес, жалпы отындық бизнестің мүмкіндіктеріне жол ашады. Сондықтан «Атамекен» ҰКП-ның жетекшілігімен алдымызға сатып алу саласында жергілікті қамту үлесін арттыру тапсырмасы қойылды. Бүгінгі форум осы мақсатты жүзеге асыруға арналған маңызды іс-шаралардың бірі, осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев.

«Теңізшевройл» компаниясы бүгінде Атырау обылсында екі ірі жобаны: Болашақта кеңейту жобасы мен Сағалық қысымды басқару жобасы (СҚБЖ) жүзеге асырып отырғанын атап өту керек.

Компания берген ақпаратқа сүйенсек, болашақта кеңейту жобасы Теңіз кен орнында мұнай шығару көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға дейін немесе тәулігіне 260 мың баррель өндіруді арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде жылына шамамен 39 млн тонна неесе тәулігіне 850 мың баррель болады.   

Болашақта дамыту жобасы жүзеге асыру өндірістік қуатты кеңейтуге бағытталған, ал Сағалық қысымды басқару жобасы Теңіз кен орнында жұмыс істеп тұрған зауыттардың қайта өңдеу қуатын сағалық қысымды азайту және жұмыс істеп тұрған алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру отырып толықтай жүктемемен қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер