astana-view

«Atameken business channel» хабар тарату аумағын кеңейтті

2017 жылғы 02 Мамыр
8006 просмотров

«Atameken business channel» байланыс желісі «Ямал-401» геостационарлық телекоммуникациялық спутнигіне шығарылды

Бизнес жаңалықтарын көрсететін Қазақстанның алғашқы мультимедиялық арнасы енді Ресей Федерациясының аумағында Калининградтан Владивостокқа дейін хабар таратуды бастайды. Жерсерік Ресей аумағының 95%-ын, сондай-ақ жақын және алыс шетелді: Шығыс Еуропа, Германия, Испания, Италия, Түркия, ТМД-ның барлық елдерін және Моңғолия, Қытайдың бір бөлігін, ОАР мен Жапонияны қамтиды.

Телеарнаның бас директоры Юлия Валиахметова хабарлағандай, заңнамаға сәйкес, хабар тарату 50% қазақ тілінде, 50% орыс тілінде қалады. Ерекше бағдарлама, арнайы хабар тарату мен шетелдік арнайы редакция болмайды. Ресей мен өзге де елдердегі көрермендер қазақстандықтар көретін хабарларды тамашалай алады.

Қазақстанда ресейлік телеарналар көп, бірақ қазақстандық телеарна бүгінге дейін ресейге таралмағанын атап өткен Юлия Валиахметова: «Ол жақта заңнама қиын. Ресей нарыңына жай ғана кіру де күрделі екені түсінікті. Ресей Федерациясында бізге жыл бойы онлайн-трансляцияны қамтамасыз еткен серіктестеріміз бар. Олар техникалық мәселені шешуге көмектесті, ал қалғаны – ақшаға байланысты. Оған екі ай уақыт кетті», – деді.   

Atameken Business Channel аудиториясы Ресей Федерациясындағы 30 млн үй шаруалығына артады. Бұл Қазақстандағы халық санынан екі есе көп. Бір үй шаруалығы деген кемінде 3 адам екенін атап өткен жөн.

Қазақстан бизнесінің жаңалықтары Ресей тұрғындарын қызықтырады, себебі ЕАЭО арқасында екі ел арасында экономикалық байланыс артып келеді, сондай-ақ ортақ кәсіпорындар мен бизнес жұмыс істейді.

«Біз ЕАЭО-ны құрдық. Көптеген даулы мәселелер бар, Кедендік кодекс қабылдануда, ауыр жүк көліктерін өткізуге, транзитке қатысты мәселелер де көтерілді. Бұл тақырыпты барлығы да көрермен үшін қызықты», – деп түсіндірді телеарна басшысы.

Нарықта Қазақстан кәсіпкерлерін де, Ресей іскерлеріне де бизнес, қаржы, экономикаға қатысты жаңа ақпарат әрдайым керек. Екі елдің нарығындағы өзгерістер, жаңа бастамалар тыңдарман назарын аударары да анық.

«Нарықта ресейлік бизнесмендер үшін де, біздің кәсіпкерлер үшін де ақпарат тапшылығы сезіледі. Ресейді Қазақстан нарығының үрдістері, нормативті базасы қызықтырады. Ал қазақстандық бизнесмендер Ресей туралы дәл осындай ақпаратты білгісі келеді. Сондықтан бұл болашағы бар бағыт деп есептейміз және біз осы салада ойып орын алуға тырысамыз. Біз қарым-қатынас жасайтын бизнесмендердің көпшілігі ақпарат тапшы екенін және болжамдары тым жоғары бағаланғанын айтады. Неге? Себебі бізді ортақ тарихымыз әлді де байланыстырады. Олардың пайымының мәні мынадай: Қазақстанда қалай болса, Ресейде де солай деп ойлайды. Мысалға, мен Ресей нарығына кіргім келеді, ал оларда біздегідей. 25 жылда құқықтық база, нарық әдістері мен мехнизмдері қатты өзгерді. Осы айырмашылық көптеген коммерциялық жобаларды іске асыруда тосқауыл болады. Бизнесмендер үшін де Қазақстандағы бизнес қалай дамып жатыр, қандай кедергілер бар, құқықтық базасы қандай, нендей өзгерістер енгізіліп жатыр, осы туралы ашық, нақты ақпарат керек. Ал біздің телеарна тарататын хабардың негізгі мазмұны осыған саяды», –  деп әңгімеледі Юлия Валиахметова. Қазақстанның сырты істер министрлігі бұл бастаманы қолдап, осы елдерге баратын отандастарымызға енді Қазақстан телеарнасын көру мүмкіндігі туғанын жеткізеді деген үмітін жасырмады телеарна басшылығы.

 

Анықтама үшін:

«Atameken business channel» - Қазақстанның бизнес жаңалықтарын таратын мультимедиалық бірінші арна. Арна негізгі контенттік платформаға шығарылған: интернет және телевидение.

«Atameken business channel» Қазақстандағы алғашқы интернет-арна ретінде 2016 жылдың 23 мамырында өз жұмысын бастады. Жаңа телевизиялық БАҚ ретіндегі ең басты ерекшелігі – тікелей эфирде жұмыс істеуі. Алғашқы хабар тарату live форматында 3 сағаттан басталды.

«Atameken business channel» 1 желтоқсаннан бастап республикалық спутниктік және кабелдік телехабарға қосылып, аптасына 7 күн, 24 сағат жұмыс істейді.

Бүгінде телеарна эфирінен 60 ақпараттық және сараптамалық бағдарламалар бар. «Atameken business channel»арнасының  барлық контенті 100 % өз меншігінде және арнада дайындалады. Хабар таратудың 70% тікелей эфирде өтеді

Халықаралық Thomson Reuters, Interfax, Bloomberg агенттіктері – тереарна серіктесі. «Atameken business channel» Bloomberg агенттігімен жұмыс істейтін Орта Азиядағы жалғыс телеарна.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер