astana-view

Тексеру жүргізудің белгіленген мерзімі бар

2017 жылғы 11 Мамыр
3224 просмотров

Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бекітілген мерзімге сай жүргізіледі

Микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру мерзімі – 5 жұмыс күнінен аспауы керек, ал шағын, орта және ірі кәсіпкерлік үшін – 30 жұмыс күні. ҚР салық заңнамасында қарастырылған салықтық тексеру жүргізу кезінде мерзім өзгереді. Сонымен қатар халықтың санитарлық-экпидемиологиялық салауаттылығына, ветеринария, өсімдіктер карантині мен оларды қорғау, тұқым шаруашылығын, егін мен мақта нарығында жүргізілетін тексерулер мен құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға қатысты ҚР еңбек заңнамасын сақтауға қатысты тексерістерде де мерзім талап бойынша бекітіледі.

Салалық ерекшеліктерді ескере отырып, тексеру жүргізу мерзімі әртүрлі:

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласын тексеру – 15 жұмыс күніне дейін және ұзартылғанда қосымша 15 жұмыс күніне дейін;

2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласындағы тексерулер – 5 жұмыс күнінен аспайтын және 5 жұмыс күніне дейін ұзартылады;

3) техникалық жағынан күрделілігі ескеріле отырып, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласындағы тексерулер жүргізіледі.

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – 5 жұмыс күнінен аспайтын және 5 жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленген.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның орнындағы адамның) тексеру мерзімін 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартуды жүзеге асыруы.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді.

Тексеру бір айдан артық емес уақытқа тоқтатылуы мүкін, оған тиісті акті де жүргізіледі. Тоқтатылған тексеруді қайта жүргізу мерзімі оның жаңартылған күнінен бастап есептеледі.

Тексеру жұмысы тоқтатылған және бекітілген мерзімде қайта жүргізілмеген тексерілетін субъектіге қайта тексеру жүргізу орын алмайды.

Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексеру жүргізу, ұзарту және тоқтату мерзімі мен тәртібінің ерекшелігі ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен (Салық кодексі) анықталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер