astana-view

Отандық фармацевтика саласындағы дәрілік заттарға баға белгілеу мәселесі талқыланды

2017 жылғы 11 Мамыр
3243 просмотров

Дәрі-дәрмек шағыратын отандық тауар өндірушілер мемлекет тарапынан жіті назарда

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның басшылығымен отандық медицина саласында дәрілік заттарға баға белгілеу тақырыбы күн тәртібіне қойылды. Шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Парламент Мәжілісі депутаты Иван Клименко, республиканың ірі фармецетикалық компанияларының басшылары мен дәріханалар иелері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарында жасаған Жолдауында «Заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажеттігін қадап айтты. Осы ретте Министрлік пен бизнес өкілдері тұрақты түрде жиындар өткізіп, мәселелрді шешуде.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева 12 мамыр күні  «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өтетінін хабарлап, бүгінгі талқылау нәтижесі жоғары мінберде айтылатынын жеткізді.

«Атамекен» ұйымдастырған отырыста отандық тауар өндірушілер сала бойынша толғандырған сауалдарын тікелей ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойға қоюға мүмкіндік алды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты бойынша таныстырылым жасады. 

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС бас директоры Зиятхан Гасанов импорттан келетін арзан дәрі-дәрмек жайында сөз қозғады: «Фармацевтика индустриясында түрлі қулықтар бар. Сол әдістерді Үндістанның фармацевтері өзге мемлекеттің дәріханалар желілеріне өту үшін препараттар бағасының өзіндік құнынан да төмен бағамен сатады. Ал шын мәнінде бұл дәрілердің пайдасы жоқ. Осы ретте отандық тауар өндірушілер кез келген тексеруші органдардың жіті назарында, салықтардың барлығын төлейді, тиісінше шығаратын дәрілер де талаптарға сәйкес өндіріледі».

Бұл орынды пікірді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой  қолдады. «Отандық нарықта жауапкершілігі шетеулі серіктестік болып тіркелмей, тауарын саудалап жүрген шетел компанияларды ығыстырамыз. ЖШС-ы бар компаниялар бір бөлек, олар заңды түрде салық төлеп, бәсеке нарығында қызмет етіп отыр. Сонымен қатар әр дәрі-дәрмек бойынша шектеулі бағасын белгілейміз. Мәселен, аспирин құнының шекті бағасы 50 теңге делік, демек оны республика бойынша 50 теңгеден аспайтын көлемде саудалау қажет: 45 теңге, 49 теңге, 50 теңге... Егер бағасы асырылып сатылса, сатқан дәріхана жауапқа тартылады», – деді Алексей Цой.

Бұған фармацевтер қала мен ауылға арналған баға әртүрлі, теңестіруге келмейді, өйткені ауылда табыс аз. Сондықтан өңірлер мен қалалар арасында әр түрлі шектік бағаны қоюды ұсынды.

Шара барысында Қазақстанның фармацевтік өнімдердің дистрибьюторлары қауымдастығы отандық өнім мен импортқа қатысты баға белгілеу ұсыныстары таныстырылымын көрсетті. Қауымдастық шетелдіктерді шектеп, отандық тауар өндірушілерін қолдау әдістерін қолға алуды тілге тиек етті. Өйткені Қазақстан нарығында саудаланатын импорттық дәрілердің сапасы өте төмен.

Отандық фармацевтика нарығында жергілікті комапниялар өнімі тек 30%-ды ғана қамтып отыр, демек шетелдік дәрі-дәрмектерсіз тағы болмайды.

Отандық дәрі-дәрмек шығару саласындағы өзекті мәселелер мен жаңашылдықтар «Атамекен» алаңында талқыланып, бизнес мүддесі қорғалады. Бұл отырыстар билік пен бизнесті сұхбатқа шақырып, халыққа қажетті бағдарламалар, елге тиімді тәсілдерді енгізу, тұтынушы мүддесін қорғау үшін ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер