astana-view

Тұрғын үй қызметінде өзгерістер болады

2017 жылғы 16 Мамыр
2290 просмотров

Тұрғын үй саласындағы басқарушы, сервистік, энергетикалық қызмет көрсетуші ұйымдар бірігетін болды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Құрылыс департаментінің ұйымдастыруымен тұрғын үй коммуналдық қызметті жаңғырту мақсатында «Тұрғын үй саласындағы басқарушы, сервистік, энергетикалық қызмет көрсетуші ұйымдар мен кәсіпкерлердің қауымдастығы»  құрылды.  

 Аталмыш шара ҰКП Құрылыс  департаменті директорының  орынбасары міндетін атқарушы  Аспена Досмағанованың  жетекшілігімен өтті. Басқосуға  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-  ауқат қоры бөлім бастығы Жазира  Мұқанова, «Hosemaster»  жобасының жетекшісі Сәкен  Махамбетов, «Общественный  защитник» бағалаушылардың  өзін-өзі реттейтін ұйымы өкілі  Виктор Сыздықов,  «Бәйтерек  Девелеопмент» АҚ Басқарушы  директоры Дмитрий Капралов, «Қазақстан тұрғын үй шаруашылығы орталығы» АҚ департамент басшысы Мәдина Мурсакина қатысты.

«Бүгінде тұрғын үй шаруашылығы қызметін қоғам жиі сынға алады. Басқарушы, сервистік қызмет атқаратын мекемелер арасында жүйелілік жоқ. Кім қандай қызметке жауапты, жалпы осы салада сапаны көтеру үшін, бұл қауымдастықты құруды қолға алдық. Аталмыш қауымдастық өзін-өзі реттейтін ұйым болады. Мұндай ұйымның Палата алдында өз жауапкершілігі бар», – деді Аспена Досмағанова.

Тұрғын үй, серистік қызметте

бизнес жүргізу мәселелері

бойынша баяндама жасаған

«Hosemaster» жобасының

жетекшісі Сәкен Махамбетов

қауымдастықтың құрылғанын

қолдады. «Қала тұрғындары

болсын тұрғын үй шаруашылығы

қызметіне теріс көзқараста.

Халықтың пікірінше, коммуналдық

тарифтерді біз тағайындаймыз. Тіпті журналситердің өздері де жекелеген оқиғаларды мысалға алып, қоғамда бүкіл тұрғын үй шаруашылығына қатысты теріс пікір қалыптастырады. Сондықтан қауымдастық арқылы жұмысты ілгерілеп, жақсы имидж қалыптастыру керек. Өйткені коммуналдық шаруашылық ол біріншіден қызметкерлердің еңбегі», – деді Сәкен Махамбетов.

Басқосуға онлайн байланыс арқылы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасынан Тұрғын үй шаруашылығы қызметін атқаратын бірқатар компания өкілдері қатысты.

Шара барысында «Общественный защитник» бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымының өкілі Виктор Сыздықов Тұрғын үй шаруашылығы өзін-өзі реттеу ұйымы ретіндегі жұмысы жайында таныстырылым жасады.

Басқосу соңында жаңа қауымдастықтың жарғысы талқыланып, дауыс беру арқылы бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер