astana-view

Бос жатқан жер учаскілерін бизнеске тарту үшін онлайн-реестр құрылады

2017 жылғы 17 Мамыр
- Қостанай облысы
9847 просмотров

Жер учаскілері туралы ақпараттың жоқтығынан кәсіпкерлер уақыты мен қаржысын жоғалтуда

Осы мәселе бойынша Өңірлік кәспікерлер палатасына көп шағым түскен. Жер учаскілері бойынша ешқандай кепілдік берілмейтіні жағдайды қиындатып отыр. ӨКП қызметкерлерінің айтуынша кәсіпкер қажетті  жер учаскесін тапса да, оны жалға алуы екі талай.

«Жерге байланысты соңғы шешімді әкімдік қабылдайды. Кәсіпкер қажетті өтінішін жазып, құжаттар топтамасын дайындап болғанда таңдалған учаскенін бос емес екені анықталған жағдайлар көп. Бұл әрекеттер Елбасының қойған талаптарына қайшы.  Өйткені Мемлекет басшысы бизнес үшін қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді алып тастауды үнемі айтады», – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Садуақасов. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары арнайы ақпараттық жүйені құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, облыстық прокуратураға, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне өтініш жасаған. Жоспар бойынша интернет ресурста бос жатқан жерлер бойынша толыққанды ақпарат берілетін болады. Бос жатқан жер интерактивті карта ретінде көрсетілетін болады.  Сайт бөлімдерінде кәсіпкер өзінің берген өтінішінің қаралу деңгейін бақылай алатын болады. Сонымен қатар порталда жер мәселесін реттейтін заңнамалардың нормалары жарияланады.

«Мұндай жүйе кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар жер алғысы, сатқысы келетін кез келген азамтқа да пайдалы болмақ. Осы мәселе бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі таңда бұл ұсыныс тиісті уәкілетті органдар қарауына берілді», – деді Самат Садуақасов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер