astana-view

Бизнес-омбудсмен Көкшетау кәсіпкерлерінің мәселесін назарға алды

2017 жылғы 19 Мамыр
- Ақмола облысы
6405 просмотров

ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Ақмола облысына жұмыс сапармен барып қайтты. Өңірдегі кәсіпкерлер өздерінің құқығы бұзылуына байланысты және басқа да жүйелі мәселелер жөнінде тікелей бизнес-омбудсменге жүгіну мүмкіндігіне ие болды.

Егер кәсіпкерлердің өтініштерін жинақтар болсақ, бір заңдылықты байқауға болады: лауазымды тұлғалардың үстінен шағым, олардың мәселелерді шешу барысында уақытты созатындықтары, шенеуніктердің көптеген кедергілер құру мәселелері, әрі көп жағдайда бұл кедергілер қасақана жасалған болып шығады.

Жылдан аса созылған дау

Мысалы «Инсект» ЖШС -нің жылдан аса уақытқа созылған жағдайын Болат Палымбетов мүлде қисынсыз деді.

2016 жылдың қаңтарынан бастап компания Көкшетау қаласындағы өрт сөндіру депосын пайдалануға беру туралы мемлекеттік актіге қол қойдыра алмай келеді, құрылыс нысанын салу келісімі Ақмола облысының өрт сөндіру қызметі мен Ақмола облысының ТЖД-нің авариялық-құтқару қызметімен жасалған. Жағдай, шын мәнінде, қызық болып тұр. Былтыр қыркүйек айында өңірдегі басшылардың қатысуымен депоның ашылу салтанаты өткен, алайда көп уақыт өтпей-ақ, шенеуніктер ұсынылған орындалған жұмыстар актісін қабылдамай, әртүрлі сылтаумен әрі-бері сенделтуді бастаған.

«Көмектесеміз. Бұл озбырлық», ­– деп, сенімді түрде айтты бизнес-омбудсмен, бұл мәселені қарауға прокуратураны, сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметін және де басқа да салалық мекемелерді тартуды тапсырды.

Болат Палымбетовтың тапсырмасымен прокурорлық ықпал ету шаралары «Той Дастархан» ЖШС-не байланысты лауазымды тұлғаларға да қатысты қолданылды. Салық органдары оларға бір жарым ай көлемінде тексеру жүргізетіндіктері жайында хабарлама беріп, артынша ескертпестен келіп компанияны бір жыл (!) бойына тексерген. Тексеру салдарынан компания қосымша салық төлеуге мәжбүр болды. Мұндай жағдайлар өндірістің тиімділігіне кері әсерін тигізбей қоймады.

Тағы да жалған кәсіпкерлік жайында

Бизнес-омбудсмен бір топ кәсіпкерлердің жалған кәсіпкерлікке байланысты жүгінулерін өз бақылауында ұстап отыр. Шын мәнінде, барлығының шағымдары бір-біріне ұқсас. Салық қызметкерлері кәсіпорындар базасындағы деректерді пайдалана отырып, жақын арада қайта тіркеуден өткен немесе басшысы ауысқан, болмаса сатылған, салық төлемдері бойынша қарыздары бар компанияларды «қара тізімге»  қосып, жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп келген. Әрине, алдымен заңсыз тексерулер басталады, бухгалтерлік, қаржылық құжаттар тәркіленіп, сот-экономикалық сараптамалар жүргізіледі.

«Әрине, бұл бүгінгі таңдағы ең жүйелі мәселердің бірі. Сіздер Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа арыздануға әбден құқылысыздар. Дегенмен, өз мүдделеріңізді қорғау үшін өздеріңіз де белсенділік танытып, Салық кодексін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды жіберулеріңіз керек. Қазірдің өзінде оның идеологиясы салық төлеушілердің құқығын қорғауға , яғни, сіздердің құқықтарыңызды қорғауға бағытталатыны белгілі», - деді Болат Палымбетов.

Күн тәртібінде – жер мәселесі

Қабылдау барысында жауыр болған жер мәселесі тағы да қылаң берді. Мысалы, «ТАТ-2001» ЖШС Аршалы ауданының «Жібек жолы» ауылының шекарасынан тұрғын үй салып, қызмет көрсету үшін жер телімін сатып алған. Жер телімі ауылшарушылық тобы құрамынан шығарылып тұрғын үй құрылысын салу тобына көшірілген.

Компания сәулет-жоспарлау бойынша тапсырма алған, дегенмен бас жоспар мен электрмен жабдықтау жобасы болмағандықтан, электрмен жабдықтауға техникалық шарттарды беруден бас тартқан.

Сонымен қатар, жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, енді оны коммуналдық-қойма аймағына жатқызған.

Ақмола облысында жер қатынастары саласы – өзекті мәселелердің бірі. Басты назарда мемлекеттік органдардың құрылыс салынуы тиіс аймақтардың бас жоспары мен  егжей-тегжейлі жоспарлауының жоқтығына байланысты жер телімдерін беруден бас тартуы тұр.

Бүгінде 188 елдімекендердің 70-80 жылдары әзірленген бас жоспарлары қала құрылысының талаптарына сәйкес келмейді, сондықтан да бұл жер телімдерін беруден бас тартуға таптырмас уәж болып тұр.

Кәсіпкерлер бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлауды қайта қарап өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Олардың пікірінше, жер телімдерінің электрондық картасы қолжетімді болуы керек және қуатты нүктелері мен су-жылу энергиясымен жабдықтаушылары да болуы тиіс.

Қабылдау барысындағы барлық сұрақтар бойынша (олар оннан асты), Болат Палымбетов оларды өз міндетіне алғанын айтып, міндетті түрде шешуге уәде берді.

Айта кету керек, өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың проблемаларын кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл өңір басшысы Мәлік Мырзалин мен облыс прокуроры Тимур Ташимбеавтың талқылауына салды. Аталмыш кездесу дәл сол күні болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер