astana-view

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмысы талқыланды

2017 жылғы 25 Мамыр
2795 просмотров

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топтың отырысы өткізілді  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарында жасаған Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Осы ретте мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп, бизнеске жағдай жасау, әкімшілік кедергілер санын азайту, компаниялар өзін-өзін реттеуге көмектесу, тиісті заңнамаларға өзгерістер еңгізу бойынша жұмыс жүргізіп отыр.

Аталмыш сараптамалық топқа «Атамекен» ҰКП, ҚР Бас прокуратурасы, мемлекеттік органдар өкілдері кіреді. Отырысты Сараптамалық топтың төрағасы ҚР Ұлттық эконимика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов ашып, «Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына ауқымды ревизия жүргізу» жөнінде баяндама жасады.

Маман 2016 жылы мемелкеттік органдармен жасалған тексерулерге шолу жасады. Мәселен, 2016 жылы барлығы 101 019 тексеру жасалып, оның ішінде 98 555 тексеру аяқталған.  «Сараптамалық топ мемлекеттік бақылау-қадағалу жұмысына жан-жақты анализ жасады. Мемлекеттік тексерулерді негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – ерекше тексерулер, екінші –жоспардан тыс тексерулер, үшіншісі – таңдалмалы тексерулер. Осы тексерулер бойынша ең жиі жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Демек, кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жиі жасалады», – деді Асланбек Жақыпов.

Сараптамаға сәйкес ерекше тәртіппен жасалатын тексерулер бойынша 31 139 тексеру жасалып, оның ішінде 23 711 тексеруде тәртіп бұзу анықталған. Жоспардан тыс 60 157 тексеру жасалған, оның ішінде 25 618 тексеруде тәртіп бұзу анықталған.

Сараптамалық топтың мақсаты кәсіпкерлерді жазалау емес, тәртіп бұзушылықты алдын алу. Сарапшылар жоспардан тыс тексерулерді азайтуды ұсынып отыр.

Шара барысында «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жұмысының барысын айтты. «Өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы бәсекелік ортаны қалыптастыра аламыз. Кәсіпкерлер де тексеру жұмыстарының маңыздылығын сезініп келеді. Бүгінде бизнес өкілдері нарықта жағымды бедел қалыптастыру үшін жұмыс істейді. Яғни кәсіпорын өндіретін тауар, жұмыс, қызмет көрсету сапасына мән береді», – деді Айжан Бижанова.

Шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасы бас сарапшысы Марал Рахымжанова  санитарлық-эпидемиологиялық салада әкімшілік кедергілерді бизнес үшін  алып тастау туралы баяндама жасады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер