astana-view

Жоспардан тыс тексерулер азаяды

2017 жылғы 01 Маусым
4591 просмотров

2016 жылы мемлекеттік бақылау органдары жоспардан тыс 60157 тексеру жасаған

«Атамекен» алаңында бизнесті мемлекеттік бақылау-қадағалау жергілікті  атқарушы органдары қатысуымен селекторлық жиналыс өткізілді

Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының шағын жіне орта бизнес нысандарына жасайтын шамадан тыс тексерулері кәсіпкерлердің наразылығын тудыруда. Мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп, бизнеске жағдай жасау, әкімшілік кедергілер санын азайту, компанияларға өзін-өзін реттеуге көмектесу, тиісті заңнамаларға өзгерістер еңгізу бойынша жұмыс жүргізу, заң жобасына өзгерту енгізу мақсатында арнайы топ құрған болатын.

Бүгінгі селокторлық жиналысқа Сараптамалық топтың төрағасы ҚР Ұлттық эконимика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов, Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы вице-президенті Гүлнар Құрбанбаева. Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы диеректорының орынбасары Гүлнар Қуанғанова, «Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директоры Ербол Өстеміров сонымен қатар онлайн байланыс арқылы өңірлердің жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлері қатысты.  

«Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директоры Ербол Өстеміровтің айтуынша  бұл шараның мақсаты –   кәсіпкерлік қоғамдастық, өңірлік мемлекетттік органдар өкілдеріне атқарылған жұмыс барысымен таныстыру сонымен қатар мемлекеттік бақылау жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстарды қарау.   

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 130-бабына сәйкес мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.

Асланбек Жақыпов енді мемлекеттік бақылау «тексеру мен жазалау» емес, «алдын алу және ескерту» қағидасымен өзгеретін болады деп айтты.  

Сараптамалық топ мемлекеттік-бақылау қадағалау қызметін барынша азайту, оңтайландыруға атсалысып отыр. Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы вице-президенті Гүлнар Құрбанбаева бизнесті бақылайтын органдар жұмысын ықшамдауда теңгерімнің сақталуы маңызды екенін атап өтті. «мемлекеттік бақылау нысаны болып табылатын ҚР заңнамасымен бекітілген түгендеу  талаптары  осы талаптарды мемлекеттік бақылауды қысқарту немесе азайты арқылы оңтайландыру болып табылады. Дегенмен осы жерде «Қоғам мүддесі = мемлекет мүддесі = бизнес мүддесі» деген теңгерімді қатаң ұстану керек», – деді Гүлнар Құрбанбаева.

Онлайн байланыс арқылы жиналысқа қатысқан өңір кәсіпкерлері заң жобасына өздерінің ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Басты мақсат – жауапкершілік жүгін көбейту емес, кәсіп иесі де, мемлекет тарапы да еш бұзбайтындай нақты және ұғынықты ойын тәртібін құру.

«Алдымызда нақты міндет тұр – бизнес дамуына жағдай жасау. Осы ретте мемлекеттік органдар мен «Атамекен» өкілдері тиісті заңнамаларға өзгертулер енгізу арқылы  бизнеске жағдай жасауды қолға алды. Бақылау-қадағалау жұмыстарды санын азайтуға күш саламыз», – деді ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директоры Ербол Өстеміров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер