astana-view

Алматы облысында Маркетологтар клубы ашылды

2017 жылғы 08 Маусым
- Жетісу облысы
7611 просмотров

Алғашқы жиын бизнес-жоспар құру және оның құрылымының өзгешеліктеріне арналды

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында Маркетологтар клубының бірінші жиыны өтті. Жаңа жоба аясында кез келген қатысушы осы салада біліктілігін көтеріп, тәжірибемен алмаса алады.

Кездесуде  Талдықорған қаласы Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының маркетологы Альбина Бақмұратова бизнес-жоспар құрудың қыр-сырымен таныстырып, маңызды құжаттың ерекшеліктеріне тоқталды. 

«Кез келген бизнес-жоспар өнім немесе қызметтің соңында тұтынушыға жететінін көрсетуі қажет. Онда өткізу нарығы мен даму болашағы, шығындары, өнімнің табыс көлемі, кәсіпорын, жергілікті, өңірлік және мемлекеттік бюджетке тиімдлігі анықталуы тиіс», –  деді Альбина Бақмұратова. 

Клуб жиындары түрлі форматта өткізіледі. Семинарлармен қатар, пікірталастар, іскерлік ойындар мен ой-талқылар ұйымдастырылады.

Кездесулер айына бір рет өткізіледі және оған қатысу тегін.

Алдағы уақытта болатын жиындарға танымал қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылады және тауарды өткізу тәсілдері, клиенттерді тарту әдістеріне арналады.

Жалпы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткен жылы 600 бизнес-жоспар әзірленді. Оның ішінде 200-ден астамы іске асты. Жобалар құны 2 млрд теңгені құрады. Облыс аграрлы өңір болғандықтан іске асырылған жобалардың көпшілігі мал мен өсімдік шаруашылығына арналды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер