astana-view

Бәсекелік ортаға мемлекеттік қызметтің 13 функциясы беріледі

2017 жылғы 09 Маусым
5735 просмотров

«Атамекен» мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға берудің 2-кезеңін талқылады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бас қосқан мемлекеттік органдардың өкілдері мен бизнес-қоғамдастық мемлекеттік органдардың бәсекелік ортаға берілетін функцияларын талдып, өткізілу мерзімі мен уақытын анықтады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру бойынша түйткілді мәселелер талқыланып, бәсекелік ортаға берілген функциялардың қорытындысы туралы мағлұмат айтылды.  

100 қадам – Ұлт жоспарының 97-қадамын жүзеге асыруына сәйкес белсенді азаматтарды өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік функцияны бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымына беру арқылы шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің өкілі Асқарбек Ертаев мемлекеттік функцияларды бәсекелік орта мен өзін-зі реттеу ұйымына берудің алғашқы кезеңінің қорытындысы туралы және де 3-тобын құру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда өзін-өзі реттеу институтын дамыту, сондай-ақ өзін-өзі реттеуді құру принциптері бойынша орын алған мәселелер тіралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары асланбек Жақыпов түсіндірді.

«Функциялардың 2-тобының қорытындысы бойынша өзін-өзі реттеуді енгізудің мақсатылығына реттеушілік әсер етуге талдау жасауға арналған 11 әлеуетті сала анықталды», – деп атап өтті Асланбек Жақыпов.

«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанованың айтуынша, жалпы алғанда, Өзін-өзі реттеу ұйымына 55 функия берілу қарастырылған, ал бәсекелік ортаға 13 функция берілмек.

Жиын барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері пікірлерін білдіріп, өзін-өзі реттеу ұйымы қызметінің жұмысына қатысты сауалдарын қойы, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан тиісті түсіндірме жауаптарын ала алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер