astana-view

«Атамекен» мен мемлекеттік органдар бизнес-ортаны жетілдіру мәселесін талқылады

2017 жылғы 13 Маусым
5251 просмотров

Күн тәртібіне бизнесті қорғау, салық салу мен бақылау-қадағалау функциясы шығарылды

13 маусым күні «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Басқарма мүшелерінің мемлекеттік органдар мен ұлттық холдинтердің (ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ, ҚР ИДМ, ҚР ҰБ, ҚР ҚМ МКД, «Даму» қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «ҚазАгро» ҰБХ, «Бәйтерек» ҰБХ) өкілдерімен кездесуі өтті. Жиын барысында бизнесті қорғау, салық салу мен бақылау-қадағалау функциясы және т.б. мәселелер талқыланды.

Кездесуде мемлекеттік органдардың «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқарған жұмысының қорытындысы тыңдалып, болашақта ынтымақтастықты жетілдірудің тәсілдері талқыланды.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасы

Бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шаралар туралы

Салық әкімшіліктендіруін жетілдіру

Бизнесті қорғаудың Жол картасы

Еске салсақ, 2017 жылдың 14 маусымында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  IV Съезі өтеді

Съездің күн тәртібіне келесі мәселелер қаралады:

  • ҰКП жұмысының қорытындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жататын жыл сайынғы есепті бекіту;         
  • ҚР ҰКП 2017-2019 жылдарға арналған индикативті орташа мерзімді бюджетін  нақтылау;
  • ҰКП Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау туралы;
  • ҰКП Ревизиялық Комиссияның жылдық есебін бекіту туралы;
  • Басқа да түрлі мәселелер.

Съезд барысында Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Борис Титов, ЕАЭО Іскер кеңесі президенті Виктор Христенко және ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысуымен брифинг өткізіледі деп жоспарланған


Еншілес ұйымдар

Серіктестер