astana-view

Ирландықтардың Қазақстан бизнесін дамытуға ықыласы бар

2017 жылғы 29 Маусым
5654 просмотров

Ирландия компаниясы Қазақстан бинесінің нарығын зерттеуді қолға алады

28 маусым күні Ұлттық палата алаңында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасыныңорынбасары Төлеміс Шотанов Ирландияның GDSILimited компаниясының директоры Брофи Порикпен кездесті

«Атамекенмен» жүргізілген келіссөз елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін көтеруді мақсат тұтты. Аталған компания Қазақстанда кәсіпкерлерге қаржысыз қолдау көрсетуге жағдайын зерттеу қызметімен айналысады.

Бұл жоба стратегиялық жоспарлау белгілерінің барлығын қамтып, шағын және орта бизнес бағдарламаларын мониторингілеу механизмінің бағасын беруі, тиімділікті жақсартуға қатысты іс-шараларды, оның ішінде бизнес-кеңес беруді жүзеге асыруы тиіс. Зерттеу бірнеше кезеңнен тұрады: стратегияны жетілдіру бойынша кеңес беру, озық инструкторлар желісін құру, шағын және бизнеске кеңесшілерді дайындау, ақпараттық-танымдық жұмыс және өтінімдерге қарай оқыту.

Кездесу барысында екі тарап компания көрсететін қызметтерді талқылап, жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық палатаның ұсыныстары мен қалауын қарастырды.

Төлеміс Шотанов атап өткендей, басты мақсат – мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске ұсынылып отырған қаржылай емес қолдау бағдарламаларының мазмұны мен енгізу әдісінің сапасын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену арқылы жетілдіре отырып, оны кеңейту әрі жақсарту. Нәтижесінде шағын және орта бизнесті физикалық тұрғыда дайындауға жетекшілік етуді дамытуға жасалған тұжырымның жобасы болуы керек.

Анықтама үшін:

GDSI компаниясы – Ирландияның консалтингтік фирмасы, әлеуметтік, экономикалық салалардың мәселелеріне мамандандырылған. GDSI компаниясында әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі бағытын меңгерген мамандар мен кеңесшілер жұмыс істейді және шет елдерде консалтинг, оқыту,  зерттеу жүргізуде тәжірибесі мол.

GDSI жұмысының негізгі салалары:

- ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде өңірлік жән аумақтық даму;

- экономикалық дамудың, оның ішінде қолдаудың мемлекеттік стратегиясын жасаудың (қаржылай және қаржысыз) түрлі аспектілері;

- мемлекеттік, өңірлік және жергілікті жерде биліктің индустриалды саясат пен экономикалық дамуға жауапты органдарын оқыту және институционалды дамыту

Нақты айтқанда, GDSI Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер