astana-view

«EduTech» - білім саласындағы жаңа бағыт

2017 жылғы 21 Шілде
10059 просмотров

Тамыз конференциясы аясында стартаптар байқауы ұйымдастырылмақ

Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық педагогтар қызметкерлерінің 2017 жылғы тамыз конференциясының Пленарлық отырысына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім бері департаментінің директоры Шолпан Каринова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаменті директоры Олжас Ордабаев қатысты.

Жыл сайын өтетін білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға есеп беретін айтулы оқиға.

Спикерлердің айтуынша биылғы тамыз кеңесі ерекше өтетін болады. Тамыздың 7-нен 21-не дейін Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында және республика өңірлерінде білім беру жүйесінің түрлі салалары бойынша секциялық кездесулер ұйымдастырылады.

Тамыз кеңесі аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығымен бірлескен EduTech атты білім бер жобасының старт-апы іске қосылады. Байқаудың мәресі Республикалық педагогикалық тамыз конференциясы пленарлық отырысында өтеді.

«Бүгінде дәстүрлі білі беру саласына жаңа деп керек. Білім беруге жеке сектор мен стартап өоғамдастығын тарту педагогикадағы мәселелерді шешудің бірден бір жолы – біздің көздегеніміз осы», – деді Олжас Ордабаев.

Байқауға қатысу үшін өтінімнің онлайн формасын толтырып құжаттардың скан нұсқасын жіберу қажет. Құжаттар мен өтінім формасын мына ақпараттық  ресурстарда жарияланған: www.palata.kz, www.edu.gov.kz  и www.bolashak.kz.   

Өтінімдерді қабылдау 9 тамызға дейін жалғасады. Өтінім мен құжаттар топтамасы онлайн формасында мында қабылданады. Жеңімпаздар 22 тамыз күні Республикалық педагогикалық тамыз конференциясы пленарлық отырысында жарияланады.

 «EduTech» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады:

11 тамыз – жартылай финалға өткен қатысушылардың тізімі жарияланады;

18 тамыз – байқау комиссиясы финал қатысушыларын іріктейді (10 жобадан артық емес);

22 тамыз – финал өтеді.

Бұл байқауға жеке тұлғалармен қоса заңды тұлғалар да қатыса алады. Жобалық топ бір қатысушы деп есептеледі. Жобаға түрлі цифрлық құралдарды (қосымшалар, бағдарламалар) енгізген немесе іске асырған,  hardware саласындағы жобалар, инклюзивті білім берудегі әдістемелер мен бастамалары бар қатысушылар күтілуде.

Байқауға қатысу жас ерекшелік бойынша шектелмейді.

Жоба мыдай критерийлермен бағаланады:

  1. Сұранысқа ие болуы;
  2. Инновациялылығы;
  3. Енгізу тиімділігі;
  4. Таралуы.

Спикерлердің айтуынша әділ қазы алқасына кәсіби педагогтар, Қазақстанның стартап қозғалысының көшбасшылары, бизнесмендер, оның ішінде білім берудегі кәсіпкерлер қатысады. Жеңімпаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінен жобаны білім мекемелеріне енгізу үшін ұсынымдар берілетін болады.

 Толық ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы алуға болады:

+7 (7172) 91 93 27  «Атамекен» ҚР ҰКП;

+7 705 159 99 98 ҚР БҒМ;

+7 (7172) 70 76 69 «Болашак»   қауымдастығы    
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер