astana-view

«Туристік Қамқор» КҚ Кеңесінің құрамы бекітілді

2017 жылғы 22 Шілде
6195 просмотров

Корпорациялық қор кеңесінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды

21 шілде күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Көшпелі туризм саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі – «Турситік Қамқор» корпорациялық қор» Кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Отырысқа «Атамекен» ҰКП, «Туристік қамқор» КҚ және ҚР туристік қоғамдастық өкілдері қатысты. Күн тәртібінде Жүйе әкімшісінің кеңесі туралы Ережені бекіту, Кеңес құрамын бекіту, көшпелі туризмде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесі бойынша уәкілетті орган жұмысын жетілдіру, көшпелі туризм бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің конференциясын ұйымдастыру сынды мәселелер көтерілді.

Жиын барысында дауыс беру арқылы Кеңес құрамы бекітілді, барлығы 17 адам. Кеңес құрамына туризм  бойынша уәкілетті органнан 1 өкіл, «Атамекен» ҚР ҰКП-дан 1 өкіл, Қазақстан туристік қауымдастығынан 4 адам, ҚР турситік операторлар қауымдастығынан 4 адам, Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығынан 2 адам, 2 тәуелсіз мүше, туризм саласында тәжірибесі бар 2 адам және «Туристік Қамқор» қорынан 1 адам кірді.

 Сонымен қатар Жүйе әкімшісі кеңесі туралы Ереже талқыланды. Ережеге бірқатар өзгертулер енгізу, жетілдіру жұмыстары сөз болды. Құжаттың кейбір тұстары қосымша қарастыруды талап етті. Сондықтан  Жүйе әкімшісі кеңесі туралы Ережені бекіту кейінгі кезекті отырысқа қалдырылды.

 «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қазіргі таңда «Туристік Қамқор» КҚ сұрақтары бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты. Оның құрамына Ұлттық палатаға алдын ала ресми өтінім беру арқылы кіруге болады. Жұмыс тобы отырыстары жүргізілуде.

Жүйе әкімшісі Кеңесінің құрамы

ұйым

Қатысушы саны

1. 

ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Туризм индустриясы комитеті

1 өкіл

2. 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

1 өкіл

3.

«Турситік Қамқор» КҚ

1 өкіл

4.

Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығы

2 өкіл

5.

Тәуелсіз мүше

2 адам

6.

Туризмде саласында тәжірибесі бар

2 адам

7.

Қазақстан туристік қауымдастығы

4 өкіл

8.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығы

4 өкіл

 

барлығы

17 адам

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер