astana-view

«Ұлы дала елі»: сатып алулар жүйесіне өзгеріс керек

2017 жылғы 28 Шілде
5935 просмотров

Бүгінде жалпы сомасы 7,5 трлн теңге болатын 4006 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев былтырғы форумда көтерілген мәселелердің жүзеге асырылу нәтижесі туралы, сондай-ақ, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар мәселесін жайлы баяндады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдаудың бір бағыты ретінде ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды ұсынып келеді. Осы орайда Басқарма Төрағасы орынбасарының хабарлауынша, 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жыл аралығында «Атамекен» ҰКП мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында 500 млрд теңгеден астам сомада 1500 ұзақмерзімді келісімшарт жасалған. Бүгінде жалпы сомасы 7,5 трлн теңге болатын 4006 ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жұмыс істеліп жатыр. Бұл келісімшарттардың 35% тауарлар, 40% жұмыс, ал 25% қызметтерді қамтыған. Оның ішінде 2,1 трлн теңге сомасындағы 1898 келісімшарт отандық тауар өндірушілерге тиесілі.

Сонымен қатар, Нұржан Әлтаевтың айтуынша, отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара байланысы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңын «бір терезе» алаңы ретінде пайдалану, сатып алулар субъектілерін еңбек, жұмыс, қызмет көрсетуде алақол жеткізушілердің реестріне сатып алулар субъектілерін енгізу бойынша тәсілдерді қайта қарау, өңірлерде жұмыс комиссиясын құру секілді мәселелер бойныша жұмыстар атқарылған.

«2017 жылы Жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясы 62 жиын өткізіп, отандық тауар өндірушілерден 202 млрд теңгеден астам сомада сатып алуларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар берді. Бұл соманың 65 млрд теңгесі квазимемлекеттік сектордағы, ал 137 млрд теңгесі мемлекеттік сатып алуларға жатады. Сонымен қатар, «Атамекен» Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп Комиссияның бірыңғай типтік регламентін әзірледі және жұмыс барысында сүйену үшін әкімдіктерге жолданды», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП сатып алулар саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысына қатысты.

«Отандық тауар өндірушілер мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алулар факторына тәуелді. Бұл мемлекеттік құрылымның және де басқаларының тауарлар мен қызметтердегі талабын жай ғана орындау емес, нарықты қолдау және реттеудегі маңызды құрал», – деді Нұржан Әлтаев.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары хабарлағандай, Ұлттық палата сатып алулар мәселесіне зор мән береді. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда «Атамекен» ақпан айынан бастап сатып алулар түрлерінің жүйесін жетілдіруге тікелей қатысып келеді. Үкімет алаңында сатып алулар мәселесіне қатысты 10-нан астам жиналыс өткізілді.

«Кәсіпкерлердің сатып алулар жүйесіндегі жиі туындайтын мәселелер жіктелді – тұрақтылық пен ақпараттың жоқтығы; сатып алуларда транспаренттіліктің жоқтығы; тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттін арттыру мәселесі; сатып алулар процесінде бақылаудың әлсіздігі. Осы аспектілерді ескере отырып, «Атамекен» Үкіметке мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар түзетулер дайындап берді», – деп хабарлады Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Атамекен» ҚР ҰКП сатып алулар саласын жетілдіру үшін сатып алулар жоспарын уақытылы және толықтай жарияламағаны үшін тапсырыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту; сатып алуларды орталықтандырылған әдіспен өткізу, демпингке қарсы шараларды жетілдіру, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуде бірыңғай тәсілдерді енгізу, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілері үшін сатып алудың бірыңғай ережесін бекітуді ұсынды.

«Бүгінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жүйесінде тәсілдер ғана емес, негізгі мақсатты бағытында да айырмашылық бар. Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жүйесінің тұжырымдамалық мақсаты адал кәсіпкерлерді анықтау екенін ескере отырып, біз кәсіпкерлердің түрлі сатып алулар алаңына қатысуы үшін іріктеудің балама процедураларына қатысу қажеттілігін алып тастауды ұсындық. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігі қолдады», – деді Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасының айтуынша, сатып алулар саласында кәсіпкерлердің құқығы шектелмегені маңызды. Бүгінде квазимемлекеттік секторда сатып алулар заңнамасын бұзған тұлғаға берілетін ең қатаң жаза – сөгіс. Сондықтан сатып алулар туралы заңнаманы жетілдірудің жаңа жобасында квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың бұзылуына әкімшілік жаза бекіту нормасы енгізу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер