astana-view

Ішкі және сыртқы сауда: әлеует қандай?

2017 жылғы 28 Шілде
5427 просмотров

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы аясында сатып алулар, сауда және экспорт мәселелері талқыланды 

28 шілде күні Астана қаласы «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы өтті.  

Еліміздің 350 тауар өндірушін біріктірген айтулы форумға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Б.Әлтаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Сарқұлов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Омарқожаев, Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, сондай-ақ отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Спикерлер сатып алулар, сауда салысының дамуы, экспорттың әлеуеті жайында баяндамалар оқыды. Форумның модераторы Евгений Кочетов бүгінгі іс-шараның ел экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, көпшілікке спикерлерді таныстырды.

Әлем нарығында сан ғасырлар бойы қалыптасып қалған өз алыптары бар, олар дамыған елдің компаниялары. Сондықтан  дамушы елдердің сыртқы саудасының дамуы екіталай. Қазақстан географиялық орналасуы бойынша теңіз-мұхиттарға жолдары бар Ресей мен Қытаймен шектеседі, бұл экспорттағы бәсекелестікті тіптен қиындатады.

Алайда Қазақстанның ерекше басымдығы бар – ол табиғи өнім шығару. Органикалық өнімдермен өндірістік сапалы тауарлар қашанда сұраныста болмақ. Отандық кәсіпкерлерді қолдау республикалық мәнге ие мақсат. Елбасы тікелей бастамасымен қазақстандық өнімді сыртқы нарықта «Ұлы дала елі» ортақ бренді аясында таныту қолға алынды. Сондықтан республика бойынша үздіктерді анықтау, қолдау, ішкі нарықты шындау үлкен бастамаларға жол ашады.

Былтыр өткен форум аясында 10 млрд теңге көлемінде ірі компаниялармен келісімдер жасалды. Биылғы жылдан да жемісті нәтиже күтілуде.

Экспортқа шығудың тағы бір жолы – электронды сауда платформалары. Яғни интернет көмегімен кәсіпкер өз тауарын халықаралық сауда дүкендері арқылы сата алады. Мәселен, отандық тауар өндірушілер  «Jumore.com», «Zoodel» сынды шетелдік электронды сауда платформаларына шықты, тиімді келіссөзедер жүргізілуде, жаңа инвестициялар тартылуда.    

Шара барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Сатып алулар, сауда және экспорт әлеуеті жайында баяндама жасады.

«2014 жылдың тамыз айынан 2017 жыл аралығында «Атамекен» ҰКП мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында 500 млрд теңгеден астам сомада 1500 ұзақмерзімді келісімшарт жасалған. Бүгінде жалпы сомасы 7,5 трлн теңге болатын 4006 ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жұмыс істеліп жатыр. Бұл келісімшарттардың 35% тауарлар, 40% жұмыс, ал 25% қызметтерді қамтыған. Оның ішінде 2,1 трлн теңге сомасындағы 1898 келісімшарт отандық тауар өндірушілерге тиесілі», – деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

 Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Омарқожаев «Атамекен» ҰКП мен «Даму» қоры ұйымдастырған форумның отандық өндірушілерді қолдауда маңызды екенін айтып, Холдинг жұмысына тоқталып кетті: «Бәйтерек» кәсіпкерлікті қолдауда жетекші ұйым. Холдинг 2017 жылдың наурыз айында өзінің даму стратегиясын енгізді, сол стратегия аясныда шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау, инновация енгізу бағыттарында жұмыс істеліп жатыр. «Байтерек» мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қаржылық операторы болып табылады. Биыл жаңа жаңғыру бағдарламасы қабылданды, осы арқылы еліміз сапалы технологиялық деңгейге көтеріледі. Соныдықтан осындай алаңдар бізге қажет», – деді Әнуар Омарқожаев. 

 

Шара барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов қор жұмысының 20 жылдық қорытындысына шолу жасады: «Халық арасында бұл көремега қызығушылық жоғары. Биыл форум Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатыр. «Даму» қоры үшін биылғы  ерекше, биыл қорға – 20 жыл. Қорлық жалғыз инвестициялық серіктесі «Бәйтерек» ҰХБ» АҚ болып табылады. 1997-2007 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлікке ғана қолдау жасалдыы. 2007-2009 жылдар аралығында Қор өз бағдарламаларын жүзеге асырды. 2009-2015 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламалардың операторы болды. Бүгінде Өордық өңірлер бойынша 18 кәсіпкерлерді қолдау орталығы бар», – деді Абай Сарқұлов.   

Форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілеріне ірі сатып алушылармен өнім сапасын жақсарту, өнімді өткізу, сатып алулардағы ашықтық, экспортқа шығу мәселелерін талқылау үшін мүкіндік беру.  
Отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар  арасында байланысты нығайту мақсатында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылды.

Форум аясында «Атамекен» ҚР ҰКП  және «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының ұйымдастыруымен 28-30 шілде аралығында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен «Қазақстанда жасалған» көрмелері өтуде. Көрмелер форумның шынайы айнасы іспетті, отандық кәсіпкерлердің қуаты мен мүмкіндіктерін, экспортқа дайындығын көрсетеді, әрі осындай алаңдар арқылы кәсіпкер кәсіпкерді танып, жаңа байланыстар орнайды, тәжірибе алмасу, өзгелерден үлгі алу үдерісі жүреді.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер