astana-view

Қазақстанда бизнесті жүргізуді жеңілдету жөнінде өңірлер рейтингі жасалады

2017 жылғы 31 Шілде
6707 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдауға назар аударған өңірлерге сыйақы қарастырылған

Биыл Қазақстанда бизнесті жеңіл жүргізудің халықаралық және отандық тәжірибелеріне негізделген рейтингі жасалады. Бұл жөнінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында айтылды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жағандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажеттілігі туралы атап өтті.

Хабарламада «Қазақстан «Doing Business» халықаралық банкінің жаһандық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартуға қатысты жұмысты жыл сайын жетілдіріп келеді. Министрлік әр жыл сайын аталған рейтингтегі көсреткішті жақсарту үшін қажетті шараларды Үкіметке ұсынып келеді. Бұл сыртқы инвестицияны тартуда маңызы зор» деп жазылған.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа рейтинг дайындалады. Бұл өңірлердің бизнесті жүргізуді жеңілдету жөніндегі рейтингі. Қалалар мен өңірлердің рейтингін әзірлеу барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін дайындаудағы тәжірибесі қолданылады.

«Атамекенде» өңірлер рейтингісін дайындау әрбір аймақтағы жағдайды анық тануға, сондай-ақ облыстар арасында бәсекелікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мұнымен қоса, бизнеске қолдау көрсету мен кәсіпкерлікке дамытуға анағұрлым ерекше назар аударатын өңірлер мен қалалар үшін арнайы сыйақы қарастырылады. Өңірлердің бизнесті жүргізуді жеңілдету бойынша рейтингін жыл сайын  дайындау жоспарланған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер