astana-view

Медициналық сақтандыруды қалай жетілдіреміз?

2017 жылғы 01 Тамыз
5249 просмотров

 «Атамекен» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қосымша ұсыныстар жасады

1 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өткен Үкімет отырысы шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге қосымша ұсыныстар жасады. Бұл ұсыныстарды Үкіметке ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жеткізді.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша дайындық жұмыстарына атсалысып отыр. Жуырда ғана Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры басшылығы және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткен болатын. Жиында көтерілген мәселер, сұрақтар мен жауаптар Ұлттық палата сайтында жарияланды. 

Осы ретте Ұлттық палатаға есептеу объектісін анықтау, салымдар ставкалары жайында кәсіпкерлерден жиі өтінімдер түседі. Сондықтан тәжірибеде жиі кездесетін сауалдар мен жауаптар тізбесін жасауды жалғастыру маңызды деп санаймыз.  Медициналық сақтандырудағы жаңа реформаны түсіндіру, ұсыныстар енгізу бойынша Қор қатысуымен «Атамекен» комитеттері және Өңірлік кәсіпкерлер палаталары активі салалық отырыстар өткізеді. Осы жұмысқа ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігін қатысуын сұраймыз», – деді Юлия Якупбаева.

ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының көтерген екінші мәселесі –денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығына қатысты.

«Ұлттық палатаға жиі түсетін өтінімдерді сараласақ, халық емханаларды еркін таңдағысы келетіні байқалады. Шартты түрде бұл қызмет түрі бүгінгі таңда атқарылып отыр. Алайда тұрғындарда толық ақпараттың болмауы салдарынан сауалдар көп-ақ.

Таңдау құқығын іске асыруда электронды денсаулық сақтау тетігін қолдануды дұрыс деп санаймыз. Әр азамат өзінің электронды жеке кабинеті арқылы қолжетімді медициналық ұйымдар тізбесін көруге мүмкіндігі болады. Әр мекеме бойынша тіркелген тұрғын саны, көрсетілетін медициналық қызмет түрлері, мекемелер мекенжай мен байланыс телефондары осы жеке кабинетте болуы керек. Тұрғындар емханаға онлайн тіркелуге мүкіндік алуы қажет. Осы мүмкіндік арқылы тіркелгендер санын мониторингілеу, есеп жүргізу, мемлекеттік тапсырыстың орындалу деңгейін анықтауға болады. Қор сайтында аталған жұмыс істеліп жатыр, алайда онлайн тіркелу ескерілмеген. 

 Үшінші мәселе – дәрігерді таңдау құқығы. Егер емхананы таңдауды іске асыруға болатын болса, дәрігерді таңдау құқығы шын мәнінде іске аспайды. Біріншіден, дәрігерлер базасы жоқ, екіншіден, бір дәрігерге 15 немесе 15 мың адам тіркелуі мүмкін. Бұл үдеріс бойынша қағидалар жоқ. Сондықтан Денсаулық саққтау министрлігіне осы мәселені шешуді сұраймыз.

Төртіншіден,  өкінішке орай, қолданыстағы тариф белгілеу мемлекеттік емханалар үшін қолайлы. Осылайша мемлекеттік емханалар мемлекеттік тапсырыс арқылы медициналық қызмет көрсетеді, республикалық және жергілікті бюджет есебінен инфрақұрылымды жақсартады, құрал-жабдық сатып алады, ал жекеменшік емханалар қаржы көздерін нарық жағдайында тартуға мәжбүр. Сондықтан мемлекеттік тапсырысқа қатысатын жекеменшік иелердің шеңбері шектеулі», – деді спикер. 

 «Атамекен» денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін іске асыруды тездетуді ұсынады. Ол үшін амортизациялық шығындар, күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жұмыстарының жан басына шаққандағы тарифын қосу қажет.

Ең бастысы – көрсетілетін қызмет ағымының ашықтығы мен сапасына қатысты сұрақтар. Осы мәселелді шешуде айтарлықтай жетістікке цифрландыру арқылы жетуге болар еді. Біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен емханалардың бағдарламалық қамтамасыз етуін интеграциялау және әр пациенттің  электронды паспортын құруға қатысты талқылауды жалғастырып жатырмыз.

 Біздің ойымызша электронды құжат адам денсаулығы жайлы базалық мәліметті (қан тобы, ағзаның дәрі-дәрмекті көтере алмауы, диспансерлік есеп, т.б.) ғана емес, сондай-ақ науқас алған ем, науқас аурулары туралы мәлімет пен зертханалық талдаулар жөнінде ақпарат та қамтылуы жөн. Осындай құжат міндетті әлеуеметтік медициналық сақтандыру ақпараттық  жүйесінде маңызды рөл атқаратыны анық. Ал осындай базадан ақпарат алу «Жеке деректер туралы» ҚР Заңы арқылы шешілетін болады.

 Бұл жүйені қолданысқа бермес бұрын оның жұмыс қарқынын тестілеп, қызметкерлерге оқу жүргізу керек.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуде атқарылар жұмыстың жүйелілігі, бұл үдеріске түрлі министріліктер мен ведомстволық органдардың жұмылдырылуы, сонымен қатар қысқа мерзімді (1.01.2018 ж дейін) ескере отырып, ҚР Үкіметі жанынан өкілетті мемлекеттік органдар, Ұлттық палата мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері қатысуымен Жұмыс тобын құруды ұсынамыз», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер