astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Көлік саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтауы

2017 жылғы 04 Тамыз
2403 просмотров

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Көлік саласы қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз үшін бұл күннің маңызы айрықша. Көлік саласы қай уақытта болмасын, өңірлерді игеруде, экономикалық және сауда байланысты кеңейтуде шаруашылық және өнеркәсіптік негіз ретінде қызмет атқарып келеді. Ал осы салада еңбек етушілер қоғамда ерекше құрмет пен мәртебеге ие.

Сонымен қатар, өзге мемлекеттермен орнатылған сыртқы экономикалық қатынасты атап өткім келеді. Қазақстан халықаралық нарықтағы көлік қызметін күшейтіп, отандық өнімнің әлем нарығына шығуын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, жолаушы және жүк тасымалының нарығын, логистика мен өзге де көлік қызметін дамытуда шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі де күн санап артуда.

Бүгінде тұтынушылар үшін жеткізудің жеделдігі мен көлік сервисі икемділігінің маңызы айырықша. Көлік саласының алдында шағын және орта бизнестің жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін салаларын дамыту, өмір сүру сапасын көтеруге ықпал ету, экономиканың басқа да салаларынан оқ бойы озық болу және оның дамуының катализаторына айналу міндеті тұр.

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, осы салада елеулі еңбек сіңіріп, мақсатқа жетудегі ынталарыңыз бен іскерліктеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Әрбір бастамаларыңыз жемісті, еңбектеріңіз табысты болып, мақсаттарыңыз биік асуларды бағындыруларыңызға тілектеспін!

Ізгі ниетпен,
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы
Тимур Құлыбаев

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер