astana-view

Министрлік қызметінің бір бөлігі өзін-өзі реттеуге беріледі

2017 жылғы 08 Тамыз
5377 просмотров

ҚР Энергетика министрлігінің коммуналдық қалдыққа қатысты беретін өтінімдері саласындағы кәсіпкерлер қызметін реттейтін қызметі өзін-өзі реттеуге өтеді

«Атамекенде» сараптамалық қызмет пен мемлекеттік орган жұмысының бір бөлігін өзін-өзі реттеу саласына беру мәселесі талқыланған жиын өтті. Басқосуды «Атамекен» ҰКП заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанова жетекшелік етті. Селекторлық жиынға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, өңірлік кәсіпкерлік палата мен аккредиттелген қауымдастықтар, бизнес-субъектілері қатысты.

Жиында «Атамекен» ҚР ҰКП сараптамалық қызметін жетілдіру, бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымына берілетін мемлекеттік қызметтің 3-тобы, облыста коммуналдық қалдыққа қатысты өтінімді енгізудің мақсаттылығы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына тұжырымдама аясында қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі салаларды дамыту мәселесі талқыланды. Еске салсақ, «Өзін-өзі реттеу туралы» заң 2016 жылдың мамыр айында күшіне енді.

«Жалпы алғанда, өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік қызметті реттеу бөлігінде жергізікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту мен күшейту түрінде, жүргізілетін сараптамалық қызметін атап өткен жөн. Мұнымен қоса, Ұлттық палатаның сараптамасына түсетін нормативті-құқықтық актілердің жартысы өңірлік кәсіпкерлер палатасына беріледі, сонықтан өңірлік палаталардың қызметкерлері кәсіби тұрғыдан аса мұқият болулары керек», – деп атап өтті Айжан Бижанова.

Жиналыс барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер де қаралды. Оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің жергілікті атқарушы және өкілдік органдары ұсынған жаңалықты бағалау процесіне тартылуына күш салу қажеттілігі де талқыланды.

Сонымен қатар, бизнес субъектілеріне бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымына берілетін қызметтердің үшінші тобын құру туралы ақпарат таратылды.

«Бүгінде «Атамекен» кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік орган қызметін орташа мерзімде жүзеге асыруға қатысты бастамашыл ұсыныс жинау жұмысы жүргізіліп келеді. Ос жұмыстың нәтижесінде бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымына берілетін қызметтердің үшінші тобы құрылады», – деді департамент директоры.

«Мұнымен қоса жергілікті атқару органдарына ерекше назар аудару керек. Өткен жылы ауқымды түгендеу жұмысы жүргізілді, соның нәтижесінде орталық және жергілікті органдар шамамен 15 000 функция атқарады, оның 12 мың қызметі өңірлерге жүктелген, яғни әрқайсында 800 қызметтен бар. Олар типтік болғанына қарамастан, әр өңірде әртүрлі атқарылады. Әкімдіктер түрлі мақсат пен қызметті жүзеге асыруда сапа индикаторының да түрліше қояды, бюджет те әрқалай бөлінеді. Кей жерлерде қызметті әкімдік қызметкерлері жүзеге асырса, өзге бір өңірде бәсекелік ортаға қарамастан ведомствоға бағынышты ұйымдар атқарады. Ұлт жоспарының 97-қадамын жүзеге асыруда атқарылып жатқан осы жұмыс мемлекеттік аппаратты жетілдіруге, мемлекеттік органдар назарын стартегиялық маңызды басқару міндеттерін орындау үшін шоғырландыруға, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет апасын жақсатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Айжан Бижанова.

Жиында ҚР Энергетика министрлігінің 7 қызметін өзін өзі реттеу ұйымына беру ұсынылды. Мұнымен қоса, кәсіпкерліктің қызығушылық танытқан субъектілері олар жүзеге асыратын қызметпен байланысты мәселелерді көтерді, өзін-өзі реттеу институтын енгізуде сол мәселелердің шешілуіне үмітті екендіктерін де айтты.

«Бас прокуратура Астана қаласында рейд жүргізіп, қоқыс тастайтын орынның өте көп екенін анықтады. Кәсіпорындар қоқыс шығару келісімшартын жасағаннан кейін оның қайда жеткізілетінін бақыламайды. Бұл мәселені өзін-өзі реттеу ұйымы атқара ала ма? Біз ұсақ кәсіпорындардың барлығы дерлік өз жұмысын адал атқарып отырғанын қадағалай алмаймыз», – деді Энергетика министрлігінің өкілі.

Департамент директоры Айжан Бижанова селекторлық жиналысты қорытындылай келе, тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуын өзін-өзі реттеу ұйымына беру шаралары айтылып, аталған саладағы мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстарды айтты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына тұжырымдаманың кейбір ережелері талқыланды. Министрлік тарапынан түскен қосы шығаруға келісімшарт жасамаған және төлем жүргізбеген жеке және заңды тұлғаларды әкімішілік жауапқа тарту туралы ұсынысын Қлттық палата мен бизнес өкілдері қолдамады, себебі мұндай дауларды субъектілер арасында азаматтық-құқықтық тәртіпте шешу қажет. Сонымен қата кәсіпкерлік субъектілері қалдық иелері жосықсыз мердігерлік ұйымдарға бергені үшін жауапқа тарту ұсынысын да қолдамады. Бұл мәлеле міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізгенде шешіледі. Жиынға қатысушылар бір ауыздан аталған Тұжырымдама аясында коммуналдық қалдық саласында өзін-өзі реттеуді енгізу мәселесін қарастыру қажет деген ортақ пікірге тоқталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер