astana-view

ҚР Премьер-министрі туристік сала бастамасын қолдады

2017 жылғы 17 Тамыз
- Ақмола облысы
4741 просмотров

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында кәсіпкерлермен кездесіп, туризм саласының мәселелерін талқылады

Сапар барысында туристік саланың өзекті мәселелерін шешуге қатысты және Шучинск-Бурабай туристік аймағын дамытуда бірқатар тапсырмалар берді.

Үкімет басшысы туристік ағымды есептеу әдістемесін жетілдіру, балалар мен мүгедектерді «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын пайдаланғаны үшін төлемнен босату мәселелеріне қатысты жұмыс істеуді тапсырды. Еске салсақ, Ақмола облысы туристік қауымдастық төрағасы Қайрат Сұлтановтың ұсынысымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Салық кодексінің жаңа редакциясында балалар, мүгелектер, кейбір төсбелгі иелерін ұлттық парктердің аумағын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босату туралы ұсынысты берген. Бүгінде заң жобасы мемлекеттік органдардың барлығымен келісу кезеңінде тұр.

Хаттама редакциясына «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасына шағын және орта бизнес субъектісі үшін инфрақұрылым жүргізгенде несиелеу мерзімін арттыру және ең төменгі инвестиция көлемін 300 млн теңгеге дейін азайту туралы өзгерістер енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ бірге туристік салада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып отырған ірі кәсіпкерлік үшін қарыз сомасын 1 млрд теңгеге дейін азайту мәселесін қарастыру енгізілді.

Хаттамада Ақмола облысында инфрақұрылымды дамыту мәселесі де көрсетілді. ҚР Премьер-министрі «Омбы-Бурабай» автомобиль жолын «Бидайық» бақылау-өткізу пункті арқылы  жөндеу мәселесін, «Омбы-бурабай» бағыты бойынша тікелей темір жол хабарламасын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру, транзитті тасымалдау саласында өңірлік әуежайлардың әлеуетін арттыру, Ресей Федерациясымен шекаралас өңірлерде чартерлі рейсті қабылдау мәселесін анықтау, сондай-ақ Шучинск-Бурабай туристік аймағында және «Щучинск-Бурабай» тас жолында мобильді интернет пен ұялы байланыс қызметінің сапасын арттыру, әлеуметтік, балаларға арналған және қала сыртындағы демалысты дамыту бойынша Жол картасын әзірлеуді жүктеді.

Мұнымен қоса, құжатқа сәйкес, РФ Үкімет Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу барысында чартерлік туристік автобустардың мемлекеттік шекараны кезектен тыс кесіп өтуі, сондай-ақ екі елдің азаматтарын «ішкі туристер» деп таны туралы мәселесін көтеру жоспарланған.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерінің 2018 жылы Шучинск-Бурабай туристік аймағында бас аспаздардың дүниежүзілік конгрессін өткізу туралы бастамасы ерекше назар аударарлықтай. Бұл бастаманы Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері талқылайды.

Шучинск-Бурабай туристік аймағын дамыту мәселесі таяуда ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мәминнің басшылығымен өткен жиында да талқыланғанын еске саламыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер