astana-view

Ғылымға негізделген байланыс ІТ-технологияларын дамытады

2017 жылғы 24 Тамыз
1571 просмотров

Қазақстан мен Белорусь ғылымы цифрландыру форматына көшудің алғашқы қадамын жасады

«Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форум аясында Қазақстан Республикасының «ІТ-компания» ғылыми-технологиялық қауымдастығы мен Белорусь Республикасының «Инфопарк» ғылыми-технологиялық қауымдастығы өзара меморандум жасалды.

Құжатқа «Қазақстанндық ІТ-компания» қауымдастығы» ЗТБ президенті Нұрлан Исин мен Белорусь «Инфопарк» ғылыми-технологиялық қауымдастығының бас директоры Владимир Басько қол қойды.

«Бұл меморандум екі ел арасындағы цифрландыру үдерісі бойынша жобаларды іске асыруға жол ашады. Цифрландыру, жаңа технологияларды игеруде Белорусь бізден бір қадам алда. Есесіне қазақстандық жобалар да белорустықтарды қызықтырады. Цифрлық жүйе тәжірибе алмасу біздің нарыққа тигізер пайдасы зор. Цифрлық жүйе деген агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, сауда айналымы», – деді Нұрлан Исин.

Екі қауымдастықтың ортақ іс-қиымылына арналған меморандумға қол қою барысында «Инфопарк» ғылыми-технологиялық қауымдастығының бас директоры да әріптестік пен ынтымақтастыққа зор сенім артатындығын білдірді.

«Біріншіден, қонақжай Қазақстанға алғысым шексіз. Бұл бағытта меморандум қабылдау Қазақстанның бастамасы болатын. Кезінде Еуразиялық одақ, Еуразиялық кеңістік идеясын да ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолға алған еді. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы құжат та  өміршең, жемісті болады деген сенімдемін. Тәжірибе жағынан ынтымақтастықты арттыру – одақтас елдер үшін маңызды. Жалпы бұл келісім аясындағы алғашқы жемістер ретінде екі ел арасындағы экономикалық шараларды, технологиялық шешімдерді, айтуға болады. Қазақстанмен цифрлық технологиялар бойынша тәжірибемізбен бөліссек, Белоруссияға қазақстандық инвестициялар керек. Жалпы қазақстандық бастамаларға дән ризамын, жоба көңілімнен шығып отыр», – деді Владимир Басько.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер