astana-view

Қыркүйекте Қазақстан-Польша экономикалық форумы басталады

2017 жылғы 24 Тамыз
4084 просмотров

Форум «ЭКСПО–2017» көрмесіндегі Польша апталығына орайластырылған.

6 қыркүйек күні Қазақстан–Польша экономикалық форумы өтеді. Форумға екі елдің жоғары билік органдары өкілдері қатысады.

Форум Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың «ЭКСПО–2017» көрмесінде өтетін Польша апталығыа арнаған іс-сапарына орайластырылған. Польша делегациясының қатарында жоғары билік өкілдері, өңірлік әкімшілік басшылары, сондай-ақ 160-тан астам компанияның өкілдері болады. Бизнес қоғамдастық қатарында бірнеше саланың өкілдері қатысады, атап айтқанда:

  • ауыл шаруашылығы
  • энергетика
  • құрылыс
  • құрылыс материалдарының өндірісі
  • тағам өндірісі
  • химия өнеркәсібі
  • тау-кен металлургия
  • фармацевтикалық өнімдер және т.б.

Форум алаңында В2В кездесулер жоспарланған.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Польшаның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі агенттігі ұйымдастырып отыр.

Форумға қатысу тегін.

Қатысу үшін https://goo.gl/forms/hkZbNmxbpA6abqKZ2 сілтемесі арқылы онлайн тіркелуден өту керек.

Барлық сауалдар бойынша көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: Aйнұр Анесова, тел.: +7 7172 279054 (ішкі: 227), email: a.anessova@palata.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер