astana-view

«AgroInvest Forum ­– 2017» – жаңа келісімдер алаңы

2017 жылғы 25 Тамыз
4878 просмотров

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығына 128 млрд теңге инвестиция тартылған

Астанада «AgroInvest Forum ­– 2017» форумында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы туралы пікір білдірді.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция 253 млрд теңге. Биыл 3,5%-ға артады деген ойдамыз. Былтыр азық-түлік өнімінің өндірісіне 60 млрд инвестиция құйылған, биыл бұл сома 5,2 %-ға артады деген үміттеміз», ­­– деді Гүлмира Исаева.

Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 128 млрд теңге болған. Өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткішпен салыстырғанда 13,4-ға өскен. Инвестиция көлемі Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қазақстанның аграрлық саласын тұрақты дамып отырған және келешекте әлеуеті зор, еліміздік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және ішкі нарықтағы азық-түліктің негізгі шикізаты мен тауар түрлерінне сұранысын толықтай қамтиды деп сипаттауға болатынына тоқталды.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша, елімізде халықтың 40% ауылдық жерлерде тұрады, алайда жалпы ішкі өнімде аграрлық сектордың үлесі 5% ғана. Елімізде пайдаланылмаған ауылшаруашылық жердің әлеуеті зор. Біздегі жердің жартысынан да азы ауыл шаруашылығының пайдаланылуында. 2015 жылы 222,2 млн гектар жердің тек 100,8 млн гектары, яғни 45,4% пайдаланылған.

Қазақстан ішкі және сыртқы нарықта сапалы, табиғи әрі экологиялық таза өнім шығарушы ретінде өзіндік орнын қалыптастыра алады. Ұлттық палата жүргізген зерттеуге сүйенсек, агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқылы, бірнеше өндірісті арттыруға ықпал етуге болады, атап айтқанда:

- өсімдік майы 4-5 есе, 2 млн. тоннаға дейін;

- ірі қара еті 2 есеге, 400 мың. тоннадан 800 мың тоннаға дейін, оның ішінде 300-400 мың тоннаны экспорттауға болады (Қытайда 1 млн. тонна ірі қара малдың етіне сұраныс бар, Ресейде 500 мың. тонна);

- құс еті 140 мың тоннадан 400-500 мың тоннаға дейін;

- қой еті 160 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін, 50% экспорттауға болады;

- балық он еседен жоғары;

- алма 5 есе, 150 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін;

- топырақ астында өскен көкөніс 150 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін (РФ сұранысы 2 млн тонна).

Кез келген бизнестің табысы мен жетістігі ең алдымен елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылыққа, нақты заңнамалық база мен кәсіпкерлік бастаманы қолдау деңгейіне байланысты екені белгілі. Елімізде байтақ дала, табиғи-климаттың жағдай туризм, орман, аңшылық, балық шаруашылықтары, әсіресе агроөнеркәсіп кешенін дамытудың бірегей еліне айналдырары анық.

Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары Азамат Хамиевтің айтуынша инвестиция тарту тек жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, Қазақстанның әлеуетін танытып, жаңа келіссөздерді жүргізуге болады.

Агроөнеркәсіптік форум барысында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды.

  • Қазақстанның АӨК шағын және орта кәсіпорындарын 100 млн.еуро сомасына несиелеу үшін Қазақстанның «Аграрлық несие корпорациясы» мен Еуропа инвестициялық банкі қаржы шарты;
  • Ақтөбе облысында алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы келісім. Бұл Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардың бірі.
  • «ҚазАгро» холдингі» АҚ және « Da Vinci Capital» компаниясы арасындағы тікелей инвестициялардың аграрлық қорын құру жөніндегі келісім.
  • Азия Даму Банкі және «ҚазАгро» холдингі» АҚ арасындағы Қазақстанның ауылшаруашылық секторына оның экономикалық әртараптануын қолдауға инвестициялар тарту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
  • «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы және «RACS Quality Certificates Issuing Services LLC» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат қазақстанның ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне Парсы шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) кіретін елдерде мойындау мақсатында Халал өнімдерін сертификаттауға көмек көрсету бөлігіндегі ынтымақтастықты болжайды;
  • «ҚазАгро» холдингі» АҚ және «Узагротехмаш» АҚ (Өзбекстан Республикасы) арасындағы ауылшаруашылық машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Агротехнологияларды коммерциялау және трансферт орталығы» ЖШС және «PHOENIX FEED MILLS» LLP компаниясы және «SAB Agrobusiness» LLP компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдардарға қол қойылды.

Құжаттар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын әртараптандыру жөніндегі артықшылықтарын ескере отырып инвестициялық белсенділікті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру бөлігіндегі ынтымақтастықты болжайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер