astana-view

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы басталды

2017 жылғы 02 Қыркүйек
3443 просмотров

Форум күн тәртібіне кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесі шығарылды

Бүгін Астанада 2 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей бизнес-омбусмендерінің І форумы ұйымдастырылды.

Форум жұмысына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов,  «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, РФ бизнес-омбудсмендері (РФ-ның 82 өңірі), Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл апппаратының өңірлердегі секторларының меңгерушілері (16 өңір), сонымен қатар бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары келді.

Форум жұмысы Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығын дамытуға кедергі келтіріп отырған әкімшілік және құқықтық кедергілерді, сонымен қатар, қылмыстық және әкімшілік қудалау кезінде кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесін талқылайтын екі сессиядан тұрады.

Екі келісімге қол қою жоспарланып отыр:

  1. «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасының арасындағы кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін анықтап, бірлесе отырып шешу жөніндегі келісім;
  2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мен Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері мен кәсіпкерлік саладағы ақпаратты беру жөніндегі келісімі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер