astana-view

Құрметті мұнай-газ кешені қызметкерлері!

2017 жылғы 03 Қыркүйек
7073 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Сіздерді мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мұнай-газ кешені бүгінде мемлекет экономикасының негізі, елімізді әлемге танытар басты салалардың бірі.  Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы мен отандастарымыздың әл-ауқатының жақсаруы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы.

Мұнай-газ кешені саласының қызметкерлері барлық саланың дамуына, инфрақұрылымдарды жетілдіруге, Қазақстанның өндірістік өнеркәсібі базасын жаңартуға барынша атсалысуда. Өз кәсібінің шебері атану, тынымсыз еңбекқорлық – Сіздердің әр жұмыс күнінде көрсетіп отырған басты қасиеттеріңіз.  

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор байлық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!  Әр бастаған жобаларыңыздың жемісін көріңіздер!

Ізгі ниетпен,

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер