astana-view

«Экспо» территориясындағы жаңа қаржы орталығы бизнес үшін арнайы қызметтерді атқарады

2017 жылғы 06 Қыркүйек
3773 просмотров

Астанада Қазақстан-Польша бизнес-форумының бірінші сессиясында екі ел экономикаларының басым секторлары жайында ақпарат берілді

Шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Ерлан Еренов пен Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің төрайымы Патриция Кларецка, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров, ПР Экономикалық даму вице-министрі Тадеуш Кошциньски, Польша Энергетика вице-министрі Гжегож Тобишовски, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қатысты.

Форумның бұл бөлімінде тараптар ынтымақтастық орнатудың қолайл бағыттарын саралады.

«Қазақстан Польшамен сауда экономикалқы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Статистикаға сүйенсек, Польшаның Қазақстанға құйған инвестициялар көлемі 200 млн АҚШ долларын құрап отры. Ал 2016 жыл бойынша екі ел сауда айналымы 783 млн АҚШ долларына тең. Тараптар арасында нақты жобалар мен нәтижелер бар. Жалпы өзара байланыстың үш бағытын атап өткім келеді. Ол Өзара сауда, инвестициялық ынтымақтастық пен көліктік-логистикалық байланыс», – деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров.

Спикердің аутынша 2005-2016 жылдар аралығында Қазақстан 240 млрд АҚШ доллары көлемінде шетел инвестицияларын тартқан. Инвесторларды қолдау үшін «Kazakh Invest» ұлттық компания құрылды, арнайы стратегия қабылданды. «Kazakh Invest» – бұл инвесторларға қолдау көрсетудің бірыңғай терезесі. Сонымен қатар Инвестияция омбудсмені жұмыс істейді. Польша инвесторлары үшін кедендік баж салығын алып тастауға, салықтық жеңілдіктер жасауға дайынбыз», – деді Ерлан Хайыров.

Айта кетелік, «Экспо» Халықаралық көрмесінен кейін көрме алаңында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы іске қосылады. Бұл алаңда ағылшын құқығы негізінде стандарттар құрылып, халықаралық байланыстар орнатылып, инвестицияларға жағдай жасалмақ. Польша бизнесмендері де бұл алаңға қызығып отыр.

«Бұл форум Поьша мен Қазақстанның келешектегі байланысының негізгі элементі болып табылады. Польша Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытуда. Бүгін ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік секторында бірқатар келісімдер жасалады. Өзара тиімді жобалар жасалады деп сенемін», – деді Польша Рсепубликасы Экономикалық даму вице-министрі Тадеуш Кошциньски.

 Өз кезегінде    Польша Республикасының Энергетика вице-министрі Гжегож Тобишовски бұл форумның «Экспо» аясында өткізіліп жатқанына мән берді.

«Астанада энергия тақырыбы көтеруі осы саланын дамытуда жақсы мүмкіндік. Польшаның энергетика көздерін табуда  тәжірибесі мол. Біз Қазақстанға тау-кен қазуға машиналар ұсынуда, білім мен біліктілік алмасуда, таза көмір алуда көмек бере аламыз. Польша энергетикалық тәуелсіз болу үшін осы секторды дамытпақ.   Сонымен қатар қоршаған ортаға көмірқышқыл газының бөлінуін қадағалу қажет. Осы бағытта энергомобильдлік дамытылуда. Эенргияның баламалы түрлері жетіліп келеді»,– деді спикер.

Қазақстан экономикасының драйверіне айналған Агроөнеркәсіп кешені жайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтып берді.

«Агроөнекәсіп кешені тұрақты дамып келе жатқан сектор. Заңнамалық база әлемдік стандарттаға сай, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау жасалады. Осындай  шешімдер арқылы өнімділік  1,5 есе, еңбек өнімділігі 26 % ға өсті. 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде жеке инвестициялар тартылды. Бүгінде Қытай, Үндістан, Иран, Парсы шығанағы елдеріне экспортқа шығады»,– деді вице-министр.

Спикердің айтуынша 2107 жылдың 14 ақпанда «Агроөнекәсіп кешені дамытудың» жаңа бағдарламасы қабылданды. 2021 жылға дейін ЖІӨ-ны 2015 жылмен салыстырғанда 30%-ға көтері көзделген. Жылқы, қой, бал өнімдері, дәнді дақылдар бойынша өндіріс көбейтілмек. Қазақстан мал шаруашлығымен айналысуға қолайлы, жайылымды жерлер көлемі 180 млн гектар жерді құрайды.

«Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімі сапасы жағынан жоғары бағаланады. Польша кәсіпкерлерін органикалық өнімдер өндіруде бірлесіп жобаларды іске асыруға шақырамын», – деді Рүстем Құрманов.

Польша Аграрлық нарықтар агенттігі төрағасы Лукаш Хоубовски органикалық өнімдердің Польша үшін маңыздығын атап өтті. Осы бағытта кешенді жұмыс атқарылуда.

 

Бірінші сессия соңында Қазақстан мен Польшаныі ірі  компаниялары арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда «Kazakh Invest» АҚ және «Польфарма», «Қазпочта» АҚ және «Польша почтасы», сонымен қатар тамшылатып суару, ауыл шаруашылығы, фармацевтика салысанда келісімдер жасалды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер