astana-view

«Атамекен» мен Бас прокуратура бірлесті

2017 жылғы 07 Қыркүйек
3878 просмотров

 «Атамекен» мен Бас прокуратура келісімге қол қойды

2 қыркүйек күні «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасында кәсіпкерлерде жиі орын алатын мәселелерін бірлесіп анықтау мен шешу бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – кәсіпкерлік қызмет саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту, Қазақстан аумағындағы бизнес субъектілерінде жиі орын алатын мәселелерді уақытында анықтау және шешу.

Өзара ынтымақтастық жиі орын алатын мәселелерді анықтау, шешу және әкімшілік кедергілерден өтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдеделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Бұл Келісім нормативті-құқықтық актілерге, мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесіне, оларда әкімшілік кедергілердің қаншалықты орын алғанына монитринг жүргізу жұмыстарын қарастырады. Мұнымен қоса, екіжақты ынтымақтастық мүддеге орайлы ақпаратты алмасуға, прокуратура органдары мен өңірлік палаталардың кәсіпкерлердің мәселесін шешудегі жұмысының тиімділігін бағалауға ықпал етеді.

Көрсетілген Келісім ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҚР ҰКП арасындағы 2013 жылдың 23 желтоқсандағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумына сәйкес жасалды және заңдық міндеттеу негізінде әрбір тарап Келісімді жүзеге асыру аясында қабылдайтын әрекетті бекітеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер