astana-view

KAZENERGY форумында ЭКСПО-2017 көрмесі қорытындыланды

2017 жылғы 08 Қыркүйек
6189 просмотров

Астанада XI Еуразиялық KAZENERGY форумы өтті​

Астанада «Болашақ энергия бастар жол» тақырыбында XI Еуразиялық KAZENERGY форумы ұйымдастырылды. Аталған форум «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен басты 15 оқиғаның қатарына енді.

ҚР Премьер-Министрі шара қатысушыларына бүгінгі форум тақырыбының маңыздылығын айтып өтті.

«Шынымен де, біздің көз алдымызда жаһандық энергетикалық нарықтың жаңа моделіне көшудің бірегей процесі өріс алып жатыр. Біз экономикалық даму мен ғаламшар экожүйесін сақтау арасындағы теңгерім негізінде тұрақты энергетикалық дамуды қамтамасыз ету маңыздылығының идеясын қолдаймыз», — деді ол.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» мұрасы әлемдік энергетика жүйесінің дамуына әрі жаһандық энергетиканың тұрақты дамуының жаңа үлгілерін қалыптастыруға серпін беретінін айтты.

«Біз БҰҰ негізгі бастамаларын, Қазақстан бекіткен Париж ахуалдық келісімін қолдаймыз. ЭКСПО–2017 базасында жасыл технология мен энергия инвестицияларының халықаралық орталығының жұмысын ашып отырмыз. Бұл Орталық Азия өңірлерін жасыл экономикаға өткізу мақсатында БҰҰ және ЭЫДҰ елдерімен ынтымақтастықты қамтамасыз етелі. Қазақстан әлем қоғамдастығына энергия қорының сенімді жеткізушісі болып қала береді», – деп атап өтті Премьер-министр.

Сонымен қатар Бұдан өзге, пленарлық отырыста Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович, Исландияның экс-президенті Оулавюр Рагнар Гримссон, БАӘ энергетика министрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруи, Венесуэланың мұнай және тау-кен өнеркәсібі министрі Эулохио Дель Пино және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.

Редациялық алқаны KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев басқарды. Редакциялық алқа құрамында Қауымдастық орынбасарлары Ұзақбай Қарабалин мен Жамболат Сәрсенов, Қауымдастықтың бас директоры Болат Ақшолақов, Каспий құбыр консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин, ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов және басқа да кәсіби мамандар бар.

Мұнымен қоса, мұнай-газ саласының талдаушы және сарапшы мамандары да қатыстырылды.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана энергетиканы дамыту саласында нақты ұсыныстарды әзірлеудің бірегей алаңына айналғанын атап өтті.

«Осы іс-шаралардың барлығы да Еуразиялық KAZENERGY форумында талқыланып отырған мәселелердің өзектілігін көрсетеді. Біріктіру, жаңартылатын энергия секторында мәселелерді энергетикалық инновациялық тұрғыдан шешу үшін маңызды энергия қорымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Қазақстанда 2050 жылға қарай жаңартылатын баламалы энергияның үлесі 50%-ды құрауы тиіс», – деп атап өтті ҚР Энергетика министрі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетов күн тәртібіне шығарылған мәселе тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, жалпы әлем үшін маңызды екенін айтты.

«Шайба қай жерде тұрса, сол жаққа жүгіргені емес, шайба қайда болатынына қарай жүгіргені жақсы хоккейші» деген сөзді айтқым келеді. ҚР Президенті 2012 жылы тұрақты даму қағидасы ретінде «Жасыл экономиканы» таңдады. Біз тұрақты даму тәсілдерінің маңыздылығын түйсінуіміз керек. Электр энергиясының дүниежүзілік парадигмасының өзгеруі – жаңа технологияны тартудың тамаша мүмкіндігі. Сондай-ақ, біз Қазақстанның маңызды ойыншы екенін түсіндік. Бұл бағытта Астана халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқарады, Конституцияға өзгертулер енгізіледі. АХҚО инвесторларды қорғайды және ұзақмерзімді қаржыландыруға қол жеткізеді», – деді Қайрат Келімбетов.

Форум барысында Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович Қазақстанды «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесін сәтті өткізуімен құттықтады.

«Біз осындай ауқымды шараларды өткізуді үйренеміз. Экспо мұрағаты келешекте дамудың серпініне айналады деп үміттенеміз. «ЭКСПО–2017» тақырыбы жайдан жай таңдалған жоқ. Жаһандық тегеурін таяудағы 10 жылда энергеяның қаншалықты сенімді әрі тұрақты болуымен тікелей байланысты. Белгісіздік деңгейі өте жоғары. Ауыртпалық түсетін орта еуропалық өңірлерден Азия мен Тынық мұхитна қарай төмендейді. Бұл тұрақтылық емес, қайта ресурсқа деген күресті тудырады. Кейде өңірлік даулардың өршуіне алып келеді», - деп түсіндірді Аркадий Дворкович.

Исландияның бесінші президенті Олафур Рагнар Астанада өткен ЭКСПО ғалам үшін энергияны қалай тудыра алатынымыз туралы ақапарат беретінін атады. Сондықтан әр елдің тарихын білу маңызды.

«Біз жаңартылатын энергия көздеріне өттік, себебі, ең алдымен, бұл жақсы бизнес пен экономикалық мүмкіндікке айналды. Исландия электр энергиясын 100% жаңартылған энергия көздерінен алады. Біз тәжірибе бөлісуге дайынбыз», – деді Олафур Рагнар.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухейл Мухаммед сөзін  Қазақстанның қонақжайлылығына алғыс айтудан бастады.

«Сіздер де 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалайды деп сенеміз. Біз тепе-теңдікке жету үшін энергияның барлық түрін зерттейміз. Қазақстанға осы бағыттағы БАӘ тәжірибесімен бөлісуге келдім. Біз барлық байланыста тұрақтылықты сақтау үшін ары қарай да жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деп атап өтті БАӘ Энергетика министрі.

Баспасөз-конференциясына қатысушылар әлемдік мұнай сәулетінде айтарлықтай орны бар Қазақстан келешекте жаңа бағыттарды дамыта отырып әлеуетін көтеруді жалғастыратынына зор үміт артты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер