astana-view

Құрметті кәсіпкерлер!

2017 жылғы 09 Қыркүйек
4343 просмотров

Баршаңызды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

2013 жылы 9 қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда отандық бизнесті әлем елдерінің озық үлгісіне сай етіп біріктірген ұйым құрылды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз алдына кәсіпкерлердің мүддесін барлық деңгейде қорғау міндетін қойды.Бизнес өкілдерін заңнамалық ережелерді қалыптастыру процесіне тартып, іскерлік ахуалды бірге жетілдіруге шақырды.

«Атамекен» жұмыс істеген осы төрт жылдың ішінде ауыз толтырып айталықтай жетістікке жеттік!

Мыңдаған түйткілді мәселе шешіліп, жүйелі әкімшілік кедергілер алынып тасталды, еліміздегі заңнамалық актілерге маңызды түзетулер енгізілді. Барлығы да отандық бизнес үшін жағдайды жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, жаңа нарыққа шығуға ықпал етуге бағытталған.

Бизнесмендер Ұлттық палата арқылы сенімдік серіктес және Үкіметпен байланыс орнататын қуатты күшке ие болды. «Атамекен» жеке кәсібін жаңадан айналысқан жандар үшін бастау алаңына, кәсіби біліктілікті арттыру мәселелерінде, кәсіпорындарында дүниежүзінің үздік тәжірибесін енгізуде көмекшіге айналды.

Біз бірлесе отырып өз бағытымыздан таймай, ортақ мүдде мен мақсатқа жету жолында биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін.

Баршаңызға зор табыс, молшылық пен өркендеу тілеймін!

Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП

Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер