astana-view

Көліктік-логистикалық жүйені цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті аттырады

2017 жылғы 12 Қыркүйек
7107 просмотров

«Атамекенде» көліктік-логистикалық саладағы инновациялар талқыланды

11 қыркүйек күні «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің жиыны өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау Комитеті Төрағасының орынбасары Юрии Лавриненко, «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Рустан Дженалиев, көліктік логистика қосалқы комитетінің  Төрағасы Ерхат Искалиев, салалық қауымдастықтар өкілдері, бизнес ұйымдар мен мүдделі тараптар қатысты.

«Күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылады. Көліктік логистика қосалқы комитетінің жұмыс жоспарын бекіту, көліктік-логистика саласындағы инновацияларды талқылау, мультимодальды тасымалдау мен «жұмсақ инфрақұрылым» дамуы». «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің Көліктік логистика қосалқы комитетінің құрамына өзгерістер енгізу қарастырылды. Жиынды көліктік логистика қосалқы комитетінің төрағасы ашты.

Жиын басында «Атамекен» кәсіпкерлер арасындағы көліктік логистиканың агрологистика, промлогистика, ритейллогистика (бөлшек сауда) сынды жүйелі мәселелер жайында сауалнама жүргізетіндігі жайында айтылды.

 «Қажеттіліктерді зерттеуге ден қойылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаға байланысты жұмысты бастап, іс-шаралар ұйымдастыруда. Осы ұсыныстар тиесілі органдарға жеткізілуі қажет. Мәселен, агроөнеркәсіп кешеніне байланысты болса, Ауыл шаруашылық министірлігі», – деп өз ойын білдірді Ерхат Искалиев.

Цифрландыру қазіргі таңда мемлекет тарапынан қаржыландырылуда және көліктік логистика қосалқы комитеті көлікке қажет жобалар тізімін қарастыратындығын спикер айтып өтті.

 «Инфрақұрылымдық обьектілерді цифрландыру көліктік, кедендік және ҚТЖ сынды әр түрлі көзқарасты идеясы өзекті болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бірыңғай күйде қажетті қосымшалармен толықтырылып, көліктік логистиканы жақсартуы тиіс. Шағын көлемді осы сынды жұмыстар «Интелектуалды көліктік жүйесі» аясында жүргізілуде», –деді спикер.

Логистика саласындағы бағдарламаларды жақсарту жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігімен жүргізіліп жатқандығын Көліктік логистика қосалқы комитетінің Төрағасы атап өтті.

Өз компаниясының жұмысы мен көліктік тасымалдау, автоматизация жайында СВС-групп Бас директоры Владимир Браун мырза айтып кетті.

«Қазіргі таңда ресми тасымалдаушыны тіркейтін, әр көлік жүргізушінің, тасымалдау бағытын, көліктік диагностика жасау жұмысын цифрлайтын біздің өнім платформамыз жүзеге асырылып жатыр. Осылайша біз тасымалдау барысындағы сервис көрсетеміз. Жеке секторда платформамен қолданатындар баршылық. Жүйе жұмыс істейтіні анық», – деді Владимир Браун.

Осы сынды салалық инновациялар қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Kazlogistics» Қазақстандық тасымалдаушылар одағы осы жұмыста үлкен рөл атқаратындығына спикер назар аударды.

«GlobalinkLoistics» ЖШС компаниясының өкілі Рүстем Жұмағалиевтің айтуынша: «Барлық азаматтарға қол жетімді шектеулі немесе жеткіліксіз қаржыландыру кезінде сандық технологияларды енгізу, салықтық, кедендік және басқа мемлекеттік бақылау органдарын "бір терезені" әзірлеу үшін қазіргі күні ауыр инфрақұрылымды дамытуға көлемді қаржы бөлініп, инвестиция жасалуда, бұл өз  кезегінде жеке секторға жақсы жоспарлау, үйлестіру және қолдау елдің экономикалық дамуына қолдау көрсетеді».

"Жұмсақ инфраструктураға» инвестиция жасау Қазақстанның қызмет көрсету секторының экожүйесін дамытуға көмегін тигізіп қана қоймай, мұның импорты мен экспортын, өндіріс жасау арқылы ішкі, аймақтық және әлемдік нарықтармен сауда қарым-қатынастар орнату жеке секторға белгілі бір дәрежеде әсер ететіндігін спикер қоса айтты. Бұл ретте, одан әрі жетілдірілген кәсіпкерлікке мейрімді цифрлық экномиканы дамытуға бағытталған мемлекет пен азаматтар арасында интерфейстер құру қажет екендігін Рүстем Жұмагалиев атап өтті.

ҰКП логистика және тасымалдау департаменті директорының басқарушы директоры Рустан Дженалинов қазір инвестициялар мен даму Министрлігімен бірлескен жұмыс топтары көліктік саясатты дамытуға бағытталған және осы саладағы туындаған сұрақтарды шешу үшін жұмыс жасап жатырғандығын мәлімдеді.

Салалық қауымдастықтар мен тиесілі мемлекеттік органдардың қатысуымен аталған жұмыс топтары Подкомитет мүшелеріне логистикадағы проблемалық мәселелерді қарастыруды ұсыну қажеттігін қоса айтты.

Жиынның нәтижесі ретінде көліктік логистика қосалқы комитетінің  жұмыс жоспары бірауыздан шешім қабылданды. Қосалқы комитетінің шешіміне сәйкес экономиканы цифрландыруға байланысты  «жұмсақ инфрақұрылым» Тұжырым жобасы бойынша кәсіпкерліктің субьектілерімен жиын өткізу бекітілді. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетіне  қосалқы комитеті кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері құрамына енетін 5 жаңа мүше енгізе ұсыныс жасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер