astana-view

«Антиконтрафакт - 2017»: Өркениетті нарық тауарларын қалыптастыру және қорғау

2017 жылғы 19 Қыркүйек
3771 просмотров

Бішкекте 14-16 қыркүйек аралығында «Антиконтрафакт – 2017» V Халықаралық форумы өтті

Форум зияткерлік меншікті қорғау және өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қиямыл мәселелеріне арналған «Антиконтрафакт –2017» форумы  Бішкекте ұйымдастырылды. Іс-шара Қырғыз Републикасы Үкіметі, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен осы салада қызмет ететін халықаралық ұйымдар қауымдастығының қолдауымен өтті.

«Қазақстан цемент және бетон өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ форумның 3-секциясына қатысты. Аталған секция «Өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды техникалық реттеудің рөлі. Цемент саласы – наразылық хабарлама процедурасын енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбына негізделген.

«Қазақстан цемент және бетон өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Ербол Ақымбаев тақырып аясында негізгі түйткілді мәселелерді көтерді.

«Ираннан импортталатын сапасыз цементте сипатталған беріктік жоқ, Қазақстанның стандарты мен нормаларына сәйкес емес. Сонымен қатар Қазақстан нарығындағы цементті бөлшектеп сату сегментінде бизнес субъектілері 50 келілік қаптарды талапқа сай етпей, жалған жасайтыны да үлкен мәселе», - деп атап өтті Ербол Ақымбаев.

Форум аясында Еуразиялық экономикалық комисссияның Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитетінің жанындағы Зияткерлік меншік нысандарына құқық қорғау әрекетін үйлестіру жөніндегі қосалқы комитеттің отырысы өтті.

Форумға Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы қатысты. Делегацияға Экономика және қаржы жөніндегі алқа мүшесі, комиссия хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев жетекшілік етті. Форумға мүдделі ведомстволар, бизнес-қоғамдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ аталған саланың сарапшылары шақырылды.

Анықтама:

«Антиконтрафакт» форумы – Еуразиялық экономикалық одақтағы тұрақты орталық пікірталас алаңы. Бұл алаңда мүше-мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ірі компанилар мен ұйымдардың басшылары, әлемдік деңгейдегі сарапшылар өркениетті нарықты заңсыз өнеркәсіптік, оның ішінде контрафактілік және бұрмаланған өнім айналымынан қорғау, зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Форумның басты мақсаттарының бірі – мүше-мемлекеттердің контрафактілік өнімнің таралуымен күрестік тиімділігін арттыруға, зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау мен тауар мен қызметтің өркениетті нарығын қалыптастыруға қатысты үйлестірілген тәсілдер мен ұсыныстарын әзірлеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер