astana-view

Қазақстанның әуе айлағына көңіл бөлу керек

2017 жылғы 20 Қыркүйек
5684 просмотров

Сарапшылар әуежайлардың жағдайы мен жұмыс барысын талқылады

19 тамыз күні «Атамекен» алаңында азаматтық авиация саласындағы көлік саясатын дамыту мәселесі жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын барысында әуежайлардың түйткілді мәселелері көтерілді.

Жұмыс тобының отырысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Күн тәртібіне қойылған мәселенің әрқайсы маңызды. Кәсіпкерлерге, әуежай қызметінде жұмыс істейтіндерге түсетін салық (қаржылық, әкімшілік) ауыртпалығын алу қажет. Бүгінде бізге әуежаймен жұмыс істейтін бірыңғай тұжырымдаманы, көзқарасты қалыптастыру керек», ­- деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Бүгінде Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істейді, оның ішінде жеке меншікте 6 әуежай бар, ал коммуналдық меншікте ­– 4, мемлекеттік – 8, ал сенімді басқаруда – 2.

«Бізді қызықтыратын ең бірінші мәселе – қосымша құн салығы. Мысалы,  қазақстандық тасымалдаушылардың реципиенттері (заңды құқық негізде табыс не төлем алушы – ред.) – шетелдік компаниялар, мұнда әуе кемесінің командирі, кеден органы өкілінің қолы қойылатын фискалды чекті қайта шығару қажеттілігі туралы мәселе туындайды, бұл процедураны қиындатады. Себебі рейстердің көп бөлігі түнгі уақытта болатынын ескерсе, онда бұл процедурада аталған үрдіс ұзаққа созылады. Сондықтан, әуежайлардың шетелдік әуекомпанияларының халықаралық ұшуды және әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе кемелеріне жанар-жағар май материалдарын құюын өткізу кезінде ҚҚС қайтару процедурасын жеңілдетіп, заңнамамен реттеу қажет деп есептеймін», - деп ұсыныс берді «Airport Management Group» ЖШС бас директоры Асқар Мұратбаев.

Сонымен қатар Асқар Мұратбаев әуежайлар үшін ҚҚС арттыруды қайтару тәртібін жеңілдету мен қайтарылуға берілген қосымша құнға салынатын салықтың артық сомасын растау мақсатында тәуекелді басқару жүйесін қолдану тәртібі туралы мәселелерді көтерді.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Airport Management Group» ЖШС қолдап, Азаматтық авиация комитетіне Салық кодексінде аталған өзгертулерге бастама көтеру жағдайын қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, шаруашылық субъектісі ретінде әуежайлардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанда мүлікті пайдалану құқығына шектеуді алып тастау мүмкіндігі үшін стратегиялық нысанның мүліктік кешенін жіктеу мәселесі де айталды.

Жиын барысында жолаушылар легі 200 мың адамға дейінгі болатын әлеуметтік-маңызды әуежайларға субсидия бөлу қажеттілігі мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, әуежайлардың көліктік инфрақұрылымына баратын бірінші желідегі адамдарға тексеру жүргізу мәселесіне де назар аударылды.

«Бұл мәселеде сатылық жұмыс керек, ең алдымен бюджеттік заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің субсидиялауға құқықтары жоқ екенін ескере отырып, субсидиялау мүмкіндігіне жол беру қажет. Одан кейін мемлекеттік органдарға мұның қажеттілігін дәлелдеу керек», - деп жауап берді Роман Скляр.

Жиын барысында шетелдік әуе кемелерінің ұшуына жол беруге шектеу қоюға қатысты кедергілерді алып тастау мәселелері талқыланды.

«Ашық аспан мәселесі бірнеше рет талқыланды. Алдымен мемлекеттік органдар, салалық компаниялар мен Эйр Астана ортақ ұстанымға келуі керек. Жалпы «ашық аспан» әп-әдемі ұранға айналуы мүмкін, шындығында қазірдің өзінде «ашық аспан». Нақты кедергілер жоқ, құқықтар қайтарымсыз беріледі, алайда рейстер жоқ, егер экономикалық тұрғыда қарасақ, қазір қандайда бір ағын жоқ, ұшу да жоқ, бұл әділ бағалау. Мүмкін осы саланың дамуына тежейтін кедергілер де бар шығар, біз нақты зерттеуге дайынбыз, қай рейске сұраныс бар екеніне қатысты нақты мәлімет беріңіз. Біз шетелдік тасымалдаушыға мемлекет тарапынан субсидия бөлінетін екі-үш бағытты тоқтатамыз. Ол елдердің қатарында Парсы шығанағы, Ресей Федерациясы», - деп түсіндірді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Жұмыс тобының отырысында әуежайлардағы есептеуді бақылайтын құралдармен жабдықтау (мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысандарының резервуарлары, мұнай өнімдерінің базалары мен май құю станцияларына (қозғалмалы типтегі май құю станцияларынан басқа); қосарлы стандарт пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қадағалауды қолданумен байланысты мәселелер де ортаға салынды.

Жұмыс тобының қатысушылары жиынды қорытындылай келе, әуежай қызметін жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ортақ пікірге тоқтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер