astana-view

Мемлекеттік орган елордалық компанияны әкімшілік жауапқа заңсыз тартқан

2017 жылғы 22 Қыркүйек
4141 просмотров

«Атамекен» заңсыз жауапқа тартылған компанияның құқығын қорғады

 «Мед Сервис Групп»  ЖШС Астана қаласының әкімшілік сотында компанияның құқығын қорғау өтінішімен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

2017 жылы 17 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасын қадағалау және бақылау комитеті Серіктестік атына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 464 бабының 2-тармағында қарастырылған (лицензия алу кезінде лицензиат иесі әдеуі жалған ақпарат беру) әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға шақырған хат жолдаған.

Комитет жоғарыда аталған бап бойынша хаттама толтыру үшін өзге бір компания берген ақпаратты негізге алған.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің ережесіне сәйкес Комитет ең алдымен өзге компания берген ақпаратты жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы растау анықтау керек еді.

Серіктестік 2017 жылдың 31 мамырында жоспардан тыс тексеру болатыны жайлы хабарлама алса да,  Комитет жоспардан тыс тексеруді жүргізбеген. Бірақ, 2017 жылдың 16 маусымында әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Серіктестік бұл туралы Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының отырысында ғана хабардар болған.

Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты Астана қаласының тиісті сотына істің мәнін қарау үшін қайта жолдаған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі департаментінің сарапшысы Ирина Ким Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР Кәсіпкерлік кодексінің мен Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің ержелеріне сүйенген жоғарыдағы дәлелдерді келтіріп, Комитеттегі лауазымды тұлғалардың әрекеті заңға қайшы екеніне және әкімшілік құқық бүзушылық туралы хаттаманың да заңсыз толтырылғанына көз жеткізді.

Сот істің барлық материалымен танысып, тараптардың айғақтарын тыңдап, Комитеттегі лауазымды тұлғалардың әрекетін заңсыз деп тану керектігін туралы қаулы шығарды. Мұнымен қоса Серіктестіктің әкімшілік құқық бұзушылығы болмағандықтан аталған ісі тоқтатылды.

«Атамекенге» жолданған өтініш

Қаулы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер