astana-view

«Атамекен» сақтандыру саласындағы мәселені шешуге қол жеткізді

2017 жылғы 27 Қыркүйек
5041 просмотров

Ұлттық палатаның Сақтандыру туралы заң жобасына енгізген ұсыныстары қабылданды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында «ҚР сақтандыру және сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы аясында ҚР Ұлттық Банкі, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығы мен сақтандыру нарығының өкілдері қатысқан жұмыс тобының 50-ден астам отырысы ұйымдастырылды. «Атамекен» осы талқылауларда бизнес пен заң құрастырушылар арасындағы үнқатысу алаңына айналды. Ұлттық палатаның сақтандыру қызметінің сапасы мен қол жеткізуді ұлғайтуға, тұтынушылар құқығын қорғаудың  тиімділігін арттыруға бағытталған барлық ұсыныстары ескерілді.

«Жаңалықтардың бірі – уақытша сақтандыру түсінігін енгізу. Бұл клиент қызметінің ерекшелігі мен мүддесін есекере отырып міндетті сақтандырудың икемді шарттары бар түрі, оны тараптардың келісуі негізінде келісімшартта бекітуге болады. Ерікті сақтандыру бойынша жинақ сақтандыру өнімін дамыту әрі дамыған елдерде қолданылатын салық жеңілдіктері мен ынталандыру жүйесі арқылы қолдау маңызды. Сондай-ақ, сақтандырушының инвестициялық табысында қатыса отырып жинақ сақтандыру өнімін енгізу  және инвестпортфельді таңдау мүмкіндігі қарастырылған», – ­ деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментінің сарапшысы Бекжан Отарбаев.

Бекжан Отарбаев сонымен қатар 15 топтама бойынша 453 ұсыныс қаралып, 140 ұсыныс таныстырылып, оның ішінде 67-сі қабылданғанын, 73 ұсыныс бойынша ымыралы шешім шығарылғанын хабарлады.

Жобаға сақтандыру бойынша онлайн қызмет көрсету, сақтандырудың міндетті түрлерін оңтайландыру және уақытта сақтандыруды анықтауды заңнамалық деңгейде бекіту, сақтандыру делдалдарының қызметін жетілдіру енгізілген. Мұнымен қоса, сақтандыру омбудсменінің қызметін кеңейту, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту, қайта сақтандыру қызметін реттеу, сақтандыру қызметін бақылау және реттеу механизімін жетілдіру де қарастырылған.

Бұл өзгерістер сақтандыру компанияларының интернет-ресурсы арқылы кеңсеге бармай-ақ немесе агентті араластырмай-ақ келесімшарт жасауға мүмкіндік береді.

Онлайн-сақтандыру географиялық ашықтықты қамтамасыз етеді және халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметінің бағасын төмендетуге мүкіндік жасайды. Сақтандыру мен төлем процедурасы айтарлықтай қысқарып, бизнес-процестер жеделдетіледі.

Онлайн-сақтандырудың негізгі элементі – сақтандыру келісімшарты бойынша Мәліметтердің бірыңғай сақтандыру базасы.  Мәліметтер базасы бірыңғай есептік ұйым мен міндетті сақтандыру полистері бойынша «қойма» болады. «Эталонды мәліметтер базасын» қалыптастыру , басқа базалармен бірігуі сақтандыру ұйымдарының тұтынушылар, сыйақы мен төлемдер, сақтандыру тарифтерінің негізділігі бойынша барлы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Мәліметтердің бірыңғай сақтандыру базасы халыққа өз «жеке кабинеті» арқылы сақтандыру келісімшарттарын үнемі қарауға мүмкіндік береді.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев заң жобасы ірі қалаларда ғана емес, еліміздің өңірлерінде де сақтандыру қызметін алудың жеңілдігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. сондай-ақ халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметінің сапасын арттырып, құнын азайту да көзделген. Мұнымен қоса сақтандыру қызметін алушылардың құқығын қорғауды күшейту мен сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қарастырылған.

Анықтама үшін:

Қазақстанның сақтандыру нарығында негізгі көрсеткіштердің оң серпіні бар. 2016 жылы сақтандыру сыйақысының көлемі 357 млрд теңге болды. Бұл соңғы бес жылда 2 есеге ұлғайған көрсеткіш. Бұл кезеңдегі жиынтық активтер мен жеке капитал да 2 есеге артқан.

Серпінді дамығанына қарамастан Қазақстанда сақтандыру халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүліктік мүддесін қаржылай қорғаудың тиімді құралы деп саналмайды. Бүгінде ел экономикасының дамуындағы оның мәні төмен. Сақтандыру нарығын дамыту индикаторларының бірі ЖІӨ қатынасына қарай сақтандыру сыйақысының үлесі. Бұл елімізде 1%-дан аспады. Елімізде адам басына шаққанда сақтандыру сыйақысы 20 мың теңгеден келеді. Өзге көршілес мемлекеттерде бұл көрсеткіштер бірнеше есе жоғары. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер