astana-view

Бәскелестік ережесінің бұзылуын тексеру ісі отандық компанияның пайдасына шешілді

2017 жылғы 28 Қыркүйек
4216 просмотров

ЕАЭО нарығындағы Қазақстан компанияларының құқығы бәсекелестік ережелеріне сай қорғалды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық комисся отырысының аясында қазақстандық компанияның электртехникалық анизатропты болат сегментінде алған басымдығымен зиян келтірген  «Новолипецк металлургиялық комбинаты» ЖАҚ мен «ВИЗ-Сталь» ЖШҚ  атына жазған шағымы бойынша айыппұл салу туралы оң шешім шығарылғанын хабарлайды.

ЕАЭО туралы келісімшартқа сәйкес бәсекелестіктің ортақ ережесі анықталған, осыған орай шаруашылық жүргізу субъектілерінің басымдық иеленуімен зиян келтіруге, келісім, алып сатарлық жасауға тыйым салынады. Шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында тікелей келісім жасауға рұқсат етілмейді, егер осындай келісімдер тауарларды қайта сату бағасын қоюға алып келсе немесе соқтырған болса, я болмаса осындай келісімде сатушының бәсекелесі болатын сатып алушының субъект тауарын сатпау туралы міндеттемесі қарастырылғанға әкелуі ықтимал.

«Жасалған құралдың маңыздылығын түсіне отырып, 2015 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП мен Еуразиялық комиссияның арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оны жүзеге асыру үшін арнайы Жұмыс тобы құрылды. Аталған құжаттың негізінде «Атамекен» бәсекелестік нарығының ахуалына, бағалау жағдайы мен трансшекаралық нарықта бизнес жүргізу талаптарына мониторинг жүргізеді. Бүгінде Комиссияның қарауында Палата тарапынан түскен екі өтінім бар», - деп түсінік берді Басқарма мүшесі Дана Жүнісова.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ өтінімі 2016 жылдың 5 тамызында түскен және «Новолипецск металлургиялық зауыты» ЖАҚ мен «ВИЗ-Сталь» ЖШҚ-тың бәскелестіктің ортақ ережесін бұзуына қатысты болды. 2016 жылы тергеу 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңге жүргізілді, оның нәтижесінде географиялық шекара Қазақстан, Ресей, Беларусь аумағы болып саналатын тауар нарығында ортақ бәсекелестік ережесінің бұзылғаны анықталды.

Тергеу нәтижесінде анық болғандай  Ресейдің шаруашылық жргізетін екі субъектісінің қатысу үлесінің жалпы көлемі 99,9% болған, негізгі сатып алушылары ­– Қазақстан мен Беларусьтың 36 компаниясы. Өзінің нарықтағы басым жағдайын мен басқа да өндірушілердің болуын пайдалана отырып, ресейліккомпаниялар тауардың соңғы бағасының жоғары болуына қосымша талап қойған.

«ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі М.А.Құсайынов жетекшілік еткен Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы тобының кәсіби де жедел жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бәсекелестіктің ортақ ережесін сақтауды бақылау жөніндегі өкілеттіктің жүзеге асырылу механизмін қолдану жағынан қарағанда шығарылған шешім тарихи оқиға деп саналады. Мұнымен қоса, бұл шешім қазақстандық адал кәсіпкердің өтініш беруі бойынша, ресейлік контрагенттердің қарсы тұруына қарамастан шығарылғаны қуантады», ­- деді Дана Жүнісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер