astana-view

Мәскеуде «Made in Kazakhstan» азық-түлік апталығы өтті

2017 жылғы 11 Қазан
6510 просмотров

Ресей астанасында Экспорт–2017 Еуразиялық азық-түлік платформасы басталды

10 қазанда Мәскеуде 25 елдің өндірушілері қатысқан ЭКСПОРТ–2017 Еуразиялық азық-түлік платформасы бастау алды. Форум аясында «Еуразиялық іскерлік одақ» Еуразиялық экономикалық аймақ кәсіпкерлері одағының алаңында «Made in Kazakhstan» азық-түлік апталығында Қазақстанның үздік өнімдері жәрмеңкеге шығарылды.

Жәрмеңкені «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Еуразиялық іскерлік одақ» Еуразиялық экономикалық аймақ кәсіпкерлері одағы, Қазақстан сауда ұйымдарының қауымдастығы, «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтің сапасын бақылау жүйесі қауымдастығы, «Ресей–Қазақстан ынтымақтастығы» қауымдастығы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жанындағы сауда өкілдігі ұйымдастырды. Сонымен қатар іс-шараны ҚР Ұлттық эконмика министрлігі қолдады. Жәрмеңкенің негізгі мақсаттарының бірі – қазақстандық тамақ өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілері арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді байланыс орнату, экспорттық шарттарға қол қою, ынтымақтастық туралы Келісім мен меморандум жасау.

Форумға Қазақстанның тауар өндірушілері, ҚР көтерме сауда жеткізушілері, көтерме  сауда компаниялары мен бөлшек сауда желісінің өкілдері, логистикалық және транспорттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері және т.б. қатысты. Қазақстанның 32 компаниясы өз өнімдерін ресейлік тұтынушылар назарына ұсынды.

Жәрмеңке барысында басқосулар ұйымдастырылып, экспорттаушылар мен қазақстандық тағам өнімдерін тұтынушылар арасында келіссөз алаңдары өткізілді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер