astana-view

Ақмола облысында кәсіпорын базасында оқу орталықтары құрылады

2017 жылғы 18 Қазан
- Ақмола облысы
4714 просмотров

Өңірліккәсіпкерлер палатасының қолдауымен Көкшетау қаласындағы ірі кәсіпорындардың базасында екі оқу орталығы ашылды

«Диас» және «Асыл Арман» ЖШС жанынан жұмысшы мамандарын кәсіби дайындау орталықтары бір уақытта жұмысын бастады. Екі оқу орталығы да «Тігін өндірісі әне киімді үлгілеу» мамандығы бойынша оқытады. Қарапайым тілмен түсіндіргенде, тігіншілерді дайындайды. Оқу бағдарламасы қысқа мерзімге арналған, 30 күнде тігіншілікті үйренеді. Алайда оқытушылар болашақта үш айға дейін ұзартуды жоспарлап отыр.

«Диас» оқыту орталығында 12 ару білім алып жатыр. Бірақ әуел баста басқаша жағдай орын алған екен.

«Оқудың бірінші күні 9 қыз келді. Бірақ апта соңына қарай топ толық құрылды. Әлі күнге дейін өтінімдер түсіп жатыр. Алайда олар келесі лектің қатарына енеді. Курс қысқа мерзімге арналған, бағдарлама қарқынды, күтіп отыратын уақыт та жоқ. Колледждегідей бір күнде 3 сабақтан өтеміз. Алдымен – теория, одан кейін тәжірибелік сабақтар беріледі. Біз қыздарға факультативтік ретінде қатысуға тыйым салмаймыз. Бұл қосымша табыс», - дейті теориялық білім беруші Анжелика Кузнецова.

Курсқа қатысушы Нина Гаврилованың айтуынша оқуды аяқтағаннан кейін өндірісте қалуды жоспарлап отыр. Бүгінде кәсіпорында білікті тігіншілер жетіспейді, мамандарды қуана қарсы алары анық.

Ал «Асыл Арман» ЖШС жұмыс бұдан да қарқынды. Ынталандыру ретінде белсенді білім алушыларға 30 мың теңге көлемінде сыйақы беру қарастырылған. Үздіктерді арнайы комиссия анықтайды.

«Білім алушылар әртүрлі. Колледжден кейін, бала күтіміне арналған демалыстан кейін келген қыз-келіншектер бар. Тіпті тәжірибесі мол әйелдер де бар. Олардың барлығының мақсаты ортақ – біліктілікті арттырып, мамандық алу, тіпті кепілдендірілген жұмыс орнына шығу. Оқу курсы аяқталғаннан кейін білім алушылар емтихан тапсырады. Арнайы сертификат алады. Тәуелсіз сарапшылардан тұратын арнайы комиссия құрылады», - деп түсіндірді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айжан Тәжмиева.

 

«Жоба Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Біз халықты оқытудың қажеттілігін зерттеп, оқу орталықтарына қарай бағыт сілтейміз. Білім алушылар ай сайын 17 мың теңге стипендия алады», - дейді Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Индира Айсина.

Еске салсақ, биыл шілде айында «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өзара ынтымақтастық пен түсінушілік туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты – жұмыспен қамтамасыз ету және халықты жұмысқа орналастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу. Келісім аясында қысқа мерзімге кәсіби курстарды ұйымдастыру үшін  жұмыс берушілердің жанынан оқу орталықтарын ашу.

Бүгінде Ұлттық палата кәсіби дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру мен техникалық және қызмет көсрету еңбегінің мамандығына қарай біліктілік санатын беру бойынша Оқу орталығының тізімдемесін жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер