«Бастау Бизнес» жобасына бизнес-жаттықтырушылар қалай таңдалады?
16-20 қазан аралығында «Атамекенде» бизнес-жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті
«Бастау Бизнес» жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін кәсіпкерлікпен айналысу арқылы арттыруға арналған, ауылда жұмыспен қамтуды арттырудың бір құралы. Жобаға жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатысады.
Тренингке еліміздің әр өңірінен дәріс оқып жүрген, сондай-ақ бизнес-дәріске енді қадам басқан 20-дан астам бизнес-жаттықтырушылар қатысты.
«Бүгінде біздің мақсатымыз 2018 жылдың резервіне кемінде 200 бизнес-жаттықтырушы жинау керек. Бізде 80 бизнес-жаттықтырушы дәріс оқып жатыр, ал 30-ы резервте. Олардың қатарын арттыру жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін кемінде 10 шеберлік-сағатын өткізу жоспарланып отыр», - деп атап өтті «Бастау Бизнес» жобасының үйлестіруші маманы Айжан Кущанова.
Сонымен қатар бизнес-жаттықтырушыларды бағалайтын арнайы жүйе дайындалды.
«Біз үміткерлерді қашықтықтан таңдаймыз, оларды шақырардан бұрын практикалық тапсырмалар береміз, мысалы қаржылық үлгілеу туралы. Одан кейін Астанаға шақырып, жұмыстарына баға береміз», - дейді Айжан Кущанова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлердің жартысы іріктеуден өтеді.
«Мұнда байқау іріктеуінен өтеді. Жаттықтырушы дәріс беруі керек, көпшілік алдында сөйлей білеуі тиіс. Сонымен қатар бизнес-жаттытырушының негізгі міндеті – бизнес-жоспар дайындай білуі тиіс. Біз қаржылай қолжау қорлары мен қаржы институттарының спикерлерін шақырамыз. Олар несиелеу шарттары туралы түсіндіріп, жұмыс барысымен таныстырады. Бес күн ішінде қажетті ақпаратты беруге тырсамыз», - дейді жоба үйлестірушісі.
Шақырылған спикерлер бизнес-жаттықтырушылардың деңгейін анықтау жұмысына қатысты.
«Олар арнайы тесттер беріп, мемлекеттік бақылау мен несиелеу саласындағы хабардарлық деңгейін анықтайды. Бұл бизнес-жаттықтырушылар білуі тиіс ақпаратты қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді Айжан Кущанова.
«Бастау Бизнес» жобасы өкілінің айтуынша тесттерден өтіп қабілетін танытқандар резервтік тізімге енгізіледі. Олардың келесі жылы өңірлерге бару мүмкіндіктері бар.
«Топтық жұмыс жүргізетін өңір алқалық кеңесте шешіледі. Резервтегі мамандар білімдерін арттыру үшін таяудағы аудандарға баруларына болады. Бұл қызмет кәсіби-жаттықтырушылардың жұмысын көрсетуге мүмкіндік береді», - дейді жоба үйлестірушісі.
Бизнес-жаттықтырушыларға арналған тренингтер айына кемінде 2 рет өтеді. Қатысушылар үшін бұл өте пайдалы, тәжірибе алмасын қабілетті ашуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, жаңадан қатарға қосылып жатқандар тәжірибелі бизнес-жаттықтырушыларға сауал қойып, бизнес-жоспар дайындаудың қыр-сырын меңгереді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: