astana-view

«Атамекен» алаңында ұлттық авиация мәселелері талқыланды

2017 жылғы 24 Қазан
4261 просмотров

Логистика және тасымалдау комитетінің Ұлттық авиация қосалқы комитет жиыны өтті

24 қазан күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ұлттық авиация мәселелеріне байланысты жиын өтті. Отырысқа «Kazlogistics» Қазақстан көлік-тасымал одағы бас директоры Қанат Әлмағанбетов, «KTZ - Express» директоры міндетін атқарушы, Ұлттық авиация қосалқы комитетінің төрағасы Болат Наурзалиев, «Эйр-Астана» АҚ Вице-Президенті Айдар Қашқарбаев, «Scat» әуе компаниясы» АҚ мемлекеттік органдардағы өкілі Қасым Хамзин, «Qazaq Air» АҚ Астана қаласы бойынша өкілдік басшысы Рүстем Раимбеков, компания өкілдері және мүдделі тараптар қатысты.

Жиын барысында екінші тасымалдаушыны бекіту мен халықаралық келісімдер бағытындағы рұқсат етілген жиіліктер санын көбейту, азаматтық авиация саласындағы қызметкерлердің медициналық тексеруден өтетін медициналық орталықты таңдау сынды өзекті мәселелер талқыланды.

«Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай мемлекеттерімен байланыстар бойынша әрбір жағдайды жеке қарастыру қажет. Біздің тараптан рейстер санын көбейту ұсынысымызды контрагент қабылдамау жағдайлары орын алады. Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында өткен комиссияда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы рейстер санын арттыру мәселесі ең жоғары дәрежеде ұсынылып, ҚР Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасары Асқар Маминмен талқыға салынды. Алайда, өз әуе тасымалдаушыларын қорғау мақсатында Өзбекстан тарапынан қолдау таппай, рейстер саны өзгеріссіз қалды. Осы сынды мәселелер мемлекет басшылары деңгейңнде көтеріліп жатырғанымен, өкінішке орай, мәселе шешімін таппады»,- деп анықтап өтті ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің Ұлттық авиация комитеті Халықаралық қатынастар мен авиациялық тасымалдау басқармасының жетекшісі Салтанат Томпиева.

Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасымен аптасына 42 рейс жоспары жүзеге асырылады. Жыл сайын рейстер саны, көлем ұлғайту, жеткізу нүктелерін арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіледі. Қытай тарапынан еліміздің нарығына 3-ші тасымалдаушы қосылғандығы белгілі.

«Негізінен ҚХР байланысты рейстерді «Эйр Астана» АҚ жүргізеді. Бастапқы уақытта Қытаймен жалғыз тасымалдаушы болғандықтан «Scat» әуе компаниясы» АҚ осы мәселені көтерді. Шымкент-Үрімші, Өскемен-Үрімші бағытындағы база орнықтырылды »,- деді спикер.

Ресей Федерациясы бастамасы негізінде қолданыстағы келісім аясында Астана-Мәскеу, Алматы-Мәскеу стратегиялық бағыттары бойынша ұшу жолға қойылған. Ресей мен Қазақстан арасында әуе қарым-қатынастары ырықтандырылған.

«Ресейге байланысты: РФ негізгі тасымалдаушысы субсидияланатындықтан, бәсекелестік деңгейі бірдей болмайтындығына байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тарапынан хат түсті. Тасымалдаушының санын көбейту арқылы Ресейге бәсеке жасағымыз келмейді. Бұл тұста РФ тиімді көзқарас ұстанып отырмыз»,- деді басқарма жетекшісі.

«Scat» әуе компаниясы» АҚ заң бөлімінің басшысы Әлік Ғаниевтің айтуынша «Жол карта» бағдарламасы аясында Қазақстанда «ашық аспан» бойынша әуе хабарламаларына ырықтандыру шаралары қарастырылуда.

«Қазіргі таңда Алматы-Мәскеу, Мәскеу-Алматы бағыттары бойынша рұқсат етілген жиілік саны-7, болашақта екі есе көбейту жоспарда. ҚХР астанасы Пекин қаласымен де көрсеткіштер дәл сондай»,- деді Әлік Ғаниев.

«Ашық аспан» дегеніміз біржақты тәртіптегі ұшуға бекітілген әуе тасымалдаушылар мен рейстер санына байланысты шектеулерді алу. Бұл жағдайда кез келген әуе компаниясы мемлекеттер арасындағы әуе хабарламаларының құқықтық келісімдері жасалмауына қарамастан  ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Қанат Әлмағанбетов қазіргі уақытта бар бағыттар бойынша ұшуды дамуты қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында «Эйр-Астана» АҚ Вице-Президенті Айдар Қашқарбаев жайлылығы жоғары әрі қол жетімді орындарды алу бойынша тұтынушыларға арналған әлемдік тәжірибеден алынған жаңашылдықпен бөлісті.

«Qazaq Air» АҚ Қазақстан мен Орталық Азия сату бойынша директоры Ислам Секербаев әлімдік тәжірибе салалық нарықты дамыту негізінде жұмыс жасайтындығын айтты.

«Техникалық база дайындалып, халықаралық тәжірибе сарапталды. Қазіргі таңда 2000 жуық орын сатылды. Болашақта бағасы көмендетілген жүксіз тариф түсінігін енгізу жоспарда. Сұраныс нарықты айқындап жатыр»,- деп сөз сөйледі Ислам Секербаев.

Отырыс нәтижесінде Болат Наурзалиев көптеген сұрақтар ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Ұлттық авиация комитетінің жұмыс тобына мәселелерді талқыға салуға жөнелтуді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер