astana-view

Астанада кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге бағытталған коференция өтеді

2017 жылғы 25 Қазан
3207 просмотров

Конференция 27 қазан күні «Rixos» қонақ үйінде өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесе 2017 жылдың 27 қазанында «кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру: ақпараттық технологиялар рөлі» тақырыбында тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

Конференцияға кез келген мүдделі тарап өкілдері қатыса алады. Техникалық қайта жарақтандыру мен цифрландыру жағдайындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің тиімді тәсілдері талқыға салынатын басты мәселелердің бірі.

Өтетін орны: «Rixos» қонақ үйі, «Жерұйық» конференц-залы, Астана қ., Қонаев к. 7.

Қатысуыңызды 2017 жылдың 25 қазанына дейін 701-830, 701-790 нөмірлері бойынша немесе D.Mukusheva@economy.kz , B.Zhabaginova@economy.kz электрондық пошта арқылы растауларыңызды өтінеміз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер