astana-view

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Жапонияда талқыланды

2017 жылғы 31 Қазан
3879 просмотров

Токиода Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтті

31 қазанда Токионың «NEW OTANI» қонақ үйінде қазақ-жапон бизнес форумы өтті.

Аталған іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Жапониядағы елшілігі, ROTOBO жапон қауымдастығы, Жапония-Қазақстан экономикалық комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сырты сауда палатасы ұйымдастырды.

Бизнес-форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Ерлан Хайыров, Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев қатысты. Сонымен қатар екі елдің ірі және орта компанияларының 200-ге тарта өкілі де атсалысты.

Қазақстан кәсіпорындары фармацевтика, медицина, акроөнеркәсіп кешені, химия, құрылыс пен құрылыс материалдарының өндірісі, сондай-ақ энергетика, тау-кен өнеркәсібі, экология, машина жасау, инфрақұрылым бағыттары бойынша инвестиция тартуға қызығушылық білдірді.

Отандық делегациясының Жапонияға жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер