astana-view

Бизнес игілігіне: Ұлттық палатаның негізгі жұмысы

2017 жылғы 02 Қараша
- Алматы қаласы
3366 просмотров

«Атамекеннің» бизнесті жақсартудағы ұсыныстар топтамасы қай салаларға қатысты?

Қазақстан корпоративті заңгерлерінің ХІІ форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттуді дамыту департаментінің басқарушы директоры Айжан Бижанова Ұлттық палатаның бизнесті жақсартуға қатысты ұсыныстарын атады.

«Атамекен» жыл сайын бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға бағытталған ұсыныстар топтамасын дайындайды. Биыл бұл тізім 2,5 мың бетке жетті. Бұл тек мәтін ғана. Оған салыстырмалы кестені қосар болса, онда 10 мың беттен асып кетеді.

«Барлық нормативті-құқықтың актілерге өзгерту енгізу қарастырылады. Біз ұсыныстарды 4 блокқа бөлдік. Бизнесті қайта реттеу, шығынның барлық түрін жаппай қысқарту, монополистер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері беретін рұқсаттарды қайта реформалау, өзін-өзі реттеу институтын дамыту. «Атамекен» бақылау-қадағалау функцияларын азайтуды қолдайды. Бақылау жүйесі толықтай қайта құрылды. Профилактикалық бақылау секілді инновация енгізілуде. Ұлттық палата ұстанымының арқасында депутаттар институттың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің барлық баптарына таралуын қолдады. Шығынды жаппай азайту – жаңа бағыт. Біз кәсіпкерлік субъектілері мен оларға мемлекеттік органдардың әрекетінде нақты не ұнамайтындығы туралы ақпарат жинадық. Шығынмен байланысты құралдардың барлығы да ауыр екенін түсіндік. Біз шығынның дәл осы бөлігін азайтумен айналысамыз», – деп атап өтті Айжан Бижанова.

Сонымен қатар ол рұқсат беру жүйесінде квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополия субъектілері рұқсат құжаттарын береді немесе рұқсатнама процедураларын жүзеге асыратын жағдайлар бар екенін айтты. Мұндай жағдайлар заңнамалық тұрғыда реттелмеген және олар субъектілердің өздері анықтаған талаптар мен тәртіпте беріледі.

«Қазіргі таңда монополистер мен квазимемлекеттік кәсіпорындар беретін рұқсат құжаттарының тізімін дайындау бойынша ревизия аяқталды. Барлығы 69 рұқсат құжаты бар. Аталған тізім толық әрі заңнамамен бекітілетін болады. Заңда өзін-өзі реттеу институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар түзету көрсетілген. Міндетті өзін-өзі реттеу нысандарын құру мүмкіндігі қаралып үстінде. Өзін-өзі реттейтін нысан бола алатын коммерциялық емес ұйымдар тізімі ұлғайтылуады және олардың жауаптылық мәселесі де реттеледі», – деп түсіндірді Айжан Бижанова.

Спикер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 8 кодекске талдау жүргізіп, ол бойынша 36 түзету, 10 заңның талдау қорытындысы бойынша 95 түзету жасағанын атап өтті. Сонымен қатар бизнес үшін маңызды болып отырған бірқатар заң жобасы желтоқсан айында қабылданатынын хабарлады, олардың әрқайсысының дайындалуына «Атамекен» белсенді атсалысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер