astana-view

Кәсіпкерлерге қор нарығы негіздері оқытылады

2017 жылғы 03 Қараша
3489 просмотров

Алматыда 8 қарашада оқу курсы басталады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның қор биржасымен (KASE)  бірлесіп, 8 қараша күні сағат 13-30-дан бастап 18—0-ге дейін Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында қаржы және заң бөлімдерінің мамандарына «Қор нарығының негіздері» тақырыбында дәріс өтеді.

Дәріс барысында қызметкерлер хабардар болуы үшін отандық қор нарығы туралы мәселелер айтылады. Оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығында банктік несиеге балама құрал ретінде қаржы тарту бойынша тәжірибелік тілім алуға мүмкіндік береді.

KASE сарапшылары мен отандық озық брокерлік компаниялардың кеңес беруші мамандары негізгі спикерлер ретінде сөз сөйлейді. Білім алу тегін.

Оқу бағдарламасы.

Барлық сұрақтар бойынша жоба кураторына хабарласуларыңызды сұраймыз: Эльвира Сәрсенбаева +7 777 444 2326; E.Sarsenbayeva@kase.kz  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер