astana-view

«Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» халықаралық фетивалі еліміздің бірнеше қаласында басталады

2017 жылғы 07 Қараша
6055 просмотров

Фестиваль биыл 10-16 қараша күндері өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен берлесіп, 10-16 қарашада өтетін «Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырды. Мұндағы басты мақсат – халықаралық және отандық туристерді шақыру, Қазқастанның тарихи Жібек жолы бағытын әлемдік туристік кеңістікпен біріктіру.

Аталған фестиваль Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы, сондай-ақ Халықаралық тұрақты туризмді дамыту жылы аясында өткізіледі. Фестивальдің міндеті – 2023 жылға дейін Қазақстанның туристік саласын дамыту Тұжырымдамасының «Ұлы Жібек жолын жандандыру» кластеріне кіретін өңірлерде туризмді дамыту. Фестивальді бірлесіп ұйымдастырушылар қатарында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Елорда туризм қауымдастығы», «Еуразиялық туризм қауымдастығы» ЗТБ да бар.

Фестиваль Алматы қаласында 10-11 қарашада өтеді, ал Таразда – 11-13 қараша, Шымкентте 14-16 қараша күндері болады. Фестиваль 17 қараша күні Астана қаласында Қазақстандағы Қытай туризмі жылының жабылу салтанатымен аяқталады.

Air Astana әуекомпаниясы, «ҚазЖол» қонақ үйі, Skyway мен Explore Central Asia туристік операторлары фестивальға қолдау білдірді.

Фестиваль бағдарламасында Қазақстан және Қытай туристік бизнес-қоғамдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қысқа мерзімде мәдени мұрамен және «Ұлы жібек жолын жандандыру» кластерінің туристік әлеуетімен жан-жақты таныса алады.

Әр өңірде туристік операторлар, блогерлер мен Қытайдың мемлекеттік қызметкерлері үшін ақпараттық турлар, В2В кездесулер, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотокөрмесі ұйымдастырылып, туризм саласындағы халықаралық мамандардың семинарлары мен шеберлік-сыныптары өтеді.

Алматыда 10 қарашада қытай тілінің авторлық тренингі өтеді, ал 11 қарашада «Қытайдан келген қонақтар үшін тағам дайындаудың ерекшелігі» дәстүрлі қытай асханасының шеберлік сыныбы, сондай-ақ «Ctrip компаниясының жұмысындағы инновациялық және цифрлық технология» семинары ұйымдастырылады.

Таразда 12-13 қараша күндері Халықаралық туристік форум және «Ancient Taraz – 2017» халықаралық көрмесі өтеді, оның аясында 12 қараша күні Қазақстанның туристік нарығы үшін бірнеше шаралар ұйымдастырылған:

  • Шеберлік-сынып: Тұлғаны ынталандыру – қызмет көрсету сапасын арттыру жолы;
  • Шеберлік-сынып: Қағидалар, стандарттар экологиялық туризмді дамытудың негіздері ретінде;
  • Шеберлік-сынып: Туристік өнімдер мен сату технологиясын қалыптастырудың заманауи тәсілдері.
  • Қытай тілінің авторлық тренингі бойынша шеберлік-сынып.

Шымкентте 15 қарашада «Ontustik Tourism. Invest – 2017 Ұлы қорғаннан –Жібек жолы жүрегіне» халықаралық туристік және инвестициялық форумы өтеді. Форумға Қытайдың 50-ден астап туристік операторы, ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма төрағасының орынбасары Ду Дзян, Қытай туризм академиясының президенті Дай Бин, Түркия гидтер қауымдастығы басқармасының мүшесі Мұстафа Йалчин, Азия мен Тынық мұхит елдері, Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзірбайжан елдерінің туристік қауымдастық өкілдері қатысады.

Фестивальға тіркелу үшін және нақты ақпарат www.silkroadkazakhstan.com және www.astana-tourism.kz сайттарында бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер