astana-view

ҚР Үкіметінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің түйткілдері талқыланды

2017 жылғы 08 Қараша
4396 просмотров

Бұл салада негізгі 3 мәселе топтамасы айқындалды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тақырыбында баяндама жасады.

Спикер бұл мәселені негізгі 3 топтамаға бөлді: ұзақмерзімді тапсырыстың жоқтығы, жобаларды келісу процедурасының күрделілігі және инвесторлардың тәуекелі.

«Екі бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарылды, барлық мәселе шешілді деп айтуға болады. Үш және одан да көп жылға ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты қарастыратын түзету енгізілді. Процедураны келісу бойынша тұжырымдама жеңілдетілді және қарау мерзімі қысқарады», ­– деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Спикер өңірлерде көтеріліп отырған мәселелерді атады.

«Бірінші ­– тарифтер мен жан басын қаржыландыру құрылымы. Жан басын қаржыландырғанда мемлекеттік мекемелер мен жеке меншікті салыстырғанда, мемлекеттік мекемеге қарағанда қатысушының шығыны бар екені түсінікті. Жекеменшік иесі қарыз қаражатын алады, себебі табыстың белгілі бір нормасы болу керек», ­- деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы.

Жан басына қаржыландыру нормасы білім беру мекемелерінің қаржыландыру шығынынан бастап білім алушылардың санына қарай қаржыландыру шығынына ауысудан тұрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі білім беру, медицина бойынша пилоттық жобаларды бір ай ішінде бекітеді.

«Пилоттық жобаларды егжей-тегжейлі қарау шеңберінде нақты құнын анықтауға және инвесторлардың тәуекелін жабуға мүмкіндік беретін қаржылық үлгіні анықтау керек. Екіншіден, валюталық тәуекелді сақтандыру, ұсынысты дайындап, Ұлтық экономика министрлігіне бердік. Егер инвестордың валюталық шығыны 15%-дан асса, онда  бұл өсімнің бағамдық айырмашылығын өтеуді қарастыру керек», - деді спикер.

Валюталық төлемді сақтандыру – баға ауытқуын болдырмас үшін шет елдік валютаны сатып алуға немесе сатуға жедел келісім жасау.

«Үшінші – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша келісімшартты тұрақты кепілзат деп тану. Банктер қатысуға дайын. Мұнда Ресейдің тәжірибесін байқауға болады, онда «резервтегі серіктестер» қарастырылған, қандайда бір форс-мажорда немесе субъективті себепте жеке серіктес орындай  алмаса немесе міндеттемені сапалы орындамаса, орын алмастырылып, жобаны жүзеге асырады», ­- деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар өңірдердегі жекешелендіру жобалары бойынша мәселені де ортаға салды.

«Көп жағдайда аталған жобаларда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша өтуге болады – бұл кешенді жоспарда қарастырылған. Мұнда жеке меншік секторының ұсынысы қарқынмен қарастырылғанын қалаймыз», ­- деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов  түйіндей келе, бүгінде өңірлер бойынша түйткілді мәселелерді талдау жұмысы жүргізіліп отырғанын да айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер