astana-view

Ең үздік отандық тауарлар мен қызметтерді және экспорттаушыны бірге таңдайық

2017 жылғы 09 Қараша
10338 просмотров

2017 жылдың 9 қарашасынан бастап «Ұла дала елі» шатырлы брендін тағайындауға конкурстың соңғы кезеңі басталады

 Осы кезеңде еліміздің әрбір тұрғыны жюри мүшесі бола алады және сілтемеден өтіп, өз даусын ең үздік отандық экспорттаушы-кәсіпорындарға бере алады.

     Жалпыұлттық дауыс беруге конкурсқа қатысқан 19 компаниядан іріктелген 7 ең үздік компания ұсынылады:

1) «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ы, Алматы қ..

2) «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-і, Жамбыл облысы.

3) «Қазфосфат», Жамбыл облысы.

4) «Рыбпром» ЖШС-і, Алматы облысы.

5) «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-і, Ақтөбе облысы.

6) «MKS Logistics» ЖШС-і, Маңғыстау облысы.

7) «Агрофирма TNK» ЖШС-і, Ақмола облысы.

Бұл компанияларды таңдау үшін сарапшылар – конкурс комиссиясының мүшелері өңірлерге шығып, кәсіпорындардың қызметін талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Еліміздің бизнес-қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Ұлы дала елі» тұжырымдамасын белсенді қолдады.

Осыған орай «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жылдан бері «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын тағайындауға конкурсты жүргізуде.

 Конкурсқа отандық тауарларды (қызметтерді) өндірумен және (немесе) көрсетумен және экспортымен айналысатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қатысады.

2016 жылы интернет-дауыс беру нәтижелері бойынша «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-ы, «Рахат» АҚ-ы, «Қайнат-АКБ» ЖШС-і  конкурс жеңімпаздары атанды.

Конкурстың 3 жеңімпазын таңдау бойынша онлайн-дауыс беру тек 2017 жылдың 19 қарашасына дейін қолжетімді болады.

Дауыс беру нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2017 жылдың 6 желтоқсан күні Елбасы қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

Еліміздің оң имиджін (бейнесін) құру мақсатында Қазақстанның тауар өндірушілерінің ұлттық бренді бола алатын отандық кәсіпорындардың қызметін бағалайтындардың алғашқылары бол!

100% объективтілік кепілі!  ҮЗДІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ ТАҢДАҢЫЗДАР!

Ел экономикасының дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Бизнесімізге қолдау көрсетіңіз! Сіздің дауысыңыз маңызды!

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер