astana-view

СRIRSCO Қазақстанның геологиялық барлауына инвестиция тартады

2017 жылғы 10 Қараша
- Қостанай облысы
6239 просмотров

СRIRSCO халықаралық стандарттарды енгізуі жайында

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп 9 қарашада Қостанай облысында «Барлауды реттеу және қатты пайдалы кендерді қазудың халықаралық стандарттарына өту» тақырыбында көшпелі жиын өткізді.

Көшпелі жиын бағдарламасының аясында қатысушылар Рудныйдағы карьер мен «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ байытатын фабрика нысанын аралады, сондай-ақ ҚР Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми делегаты ретінде Басқарма мүшесі–Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қатысты.

Мемлекет басшысының Ұлт жоспарында көрсеткен 74, 75-қадамдарындағы тапсырмасына орай ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің жобасында пайдалы қазбалардың қоры бойынша CRIRSCO халықаралық жүйе мен есептік стандартты және барлық пайдалы қазба үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы ашықтық пен болжамдықты арттыруға бағытталған әлемдік үздік тәжірибені қолдана отырып, келісімшарт жасаудың жеңілдетілген әдісін енгізу қарастарылып отыр.

Комитет төрағасы Глеб Щегелский атап өткендей, соңғы жылдары кен алудың жоғарылы минералды-шикізат қорын толтыру қарқынынан озық.

Мұнымен қоса, Қазақстанда геологиялық барлауға салынған инвестицияның көлемі жеткіліксіз екені байқалды. Бүгінде 1 шаршы метр аумаққа орташа алғанда шамамен 7 доллар. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш – 87, Австралияда – 167, Канадада – 203 доллар.

«Геологиялық барлауға инвестиция тарту қажет. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі заң жобасын әлемдік тәжірибенің үздік нұсқасына сәйкестендірмей аталған мақсатқа жетуі мүмкін емес», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Халықаралық тәжірибесі жоғары әлемдік сарапшыларды, Дүниежүзілік Банк, ЭЫДҰ және басқа да ұйымдардың сарапшыларын қатыстыра отырып жүргізген зерттеудің мәліметі бойынша  қатты пайдалы қазба саласында жер қойнауын пайдалануды реттеудің Батыс-Австралиялық үлгісі таңдалды. Бұл үлгі тау-кен саласында инвестициялық тартымдылық бойынша ТОП рейтингке кіретін Австралия, Канада, Чили және басқа мемлекеттерде қолданылады.

«Геологиялық барлауға салынған инвестиция деңгейінің төмендігі жаңа кен орындарын ашуды кешеуілдетіп отыр. Таяу уақытта жер қойнауын пайдалануда инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жедел шараларды қабылдамау ел экономикасының негізі болып отырған отандық кәсіпорындарға қажетті сапалы шикізаттың азаю қаупін тудырады», – деп түсіндірді ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев.

Жер қойнауы туралы кодексте инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге негізделген бірқатар жаңалықтар енгізілген. Жаңалықтардың қатарында мемлекеттік қорларда жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылар туралы, жер қойнауын пайдаланушыны тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар мен мемлекеттердің шарттары мен соңғы бенецефиарлары және тағы басқа жайында да ақпарат жалпы көпшілікке ашық көрсетілуі бар.

Көшпелі жиынға ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігін, Қостанай облысы әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Республикалық тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық кәсіпордардың қауымдастығы» ЗТБ мен жер қойнауын пайдаланатын мүдделі компаниялардың  өкілдері қатысты

Анықтама ретінде:

2017 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасының алғашқы оқылымы өтті.

Кодекс жобасын дайындауға салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Құжат жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысындағы кедергілерді алуға, салалық құқықтық базаны жетілдіруге, салаға тікелей шетелдік инвестицияны тартуға, жаңа кен орындары мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер