astana-view

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы жоспарға сәйкес дамытылады

2017 жылғы 14 Қараша
- Ақмола облысы
6485 просмотров

Жоспар 4 бөлімнен тұрады, 34 іс-шара қамтылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 4 қарашадағы №4 Қаулысымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын 2020 жылға дейін дамытудың 3-кезеңі бекітілді. Жоспар 4 бөлімнен тұрады, онда 34 іс-шара қамтылған.

1-бөлім – «Инфрақұрылымдық және экологиялық мәселелерді шешу шаралары» – жалпы сомасы 45 722,8 млн теңге болатын 17 іс-шара қамтылған. Негізгі атқарылатын жұмыс – су жүргізу, кәріз желісі, инженерлік инфрақұрылым, туристік маршруттарды абаттандыру, көгалданыру, суағарларды тазарту.

2-бөлім – «Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту шаралары» –  жалпы сомасы 6 241,0 млн теңге болатын 5 іс-шарадан тұрады. Қажетті іс-шаралар – автожолдарды салу және жөндеу жұмыстары.

3-бөлім – «Щучинск-Бурабай курорттық аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» – жалпы сомасы 4 160,8 млн теңгеге 6 іс-шара жүзеге асырылады. Су-құтқару бекеті мен Бурадай ауданы ІІБ полиция бөлімдері үшін ғимараттар салу.

4-бөлім – «Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристік әлеуетін дамыту шаралары» – жалпы сомасы 5 226,2 млн теңгені қамтитын 6 іс-шара ұйымдастырылады. Саябақ салу, инвесторлар тарту, туристік әлеуетті дамыту, ақпараттық турлар өткізу жұмыстары жүзеге асады.

Жоспардың жалпы бюджеті – 61 350,8 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 58 223,7 млн теңге, жергілікті бюджет қаржысы –3 100,1 млн теңге, бюджеттен тыс қаражат – 270 млн теңге.

Аталған бөлімдерді негізгі орындаушылар – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ақмола облысы әкімдігі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер